ӨзА Қазақ

15.01.2020 Басып шығару нұсқасы

Президент Шавкат Мирзияев Жапония және БАӘ мен ынтымақтастық аясындағы жобаларды жүзеге асыру жайлы жиын өткізді

Президент Шавкат Мирзияев Жапония және БАӘ мен ынтымақтастық аясындағы жобаларды жүзеге асыру жайлы жиын өткізді

Жиында Мемлекет басшысы Біріккен Араб Әмірліктері мен Жапонияға жасаған сапары аясында қол жеткізген келісім жобаларын жүзеге асыру жөніндегі бастаманы көтеріп, онда БАӘ-не жасаған сапарында 10 млрд, Жапонядағы сапарда 6 млрд доллар көлемінде келісім жасаған болатын.

Бұл келісімдер аясында энергетика, инфрақұрылымды дамыту, мұнай-газ, химия өнеркәсібі, машина жасау, ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі, туризм мен басқа да бірқатар жобаларды жүзеге асыру көзделген. 


Осы орайда БАӘ-нің «Масдар» компаниясы Өзбекстанда өткен ашық тендерде жеңіске жетіп, күн электр станциясын құруға 100 млн доллар инвестиция салатын болған. Құрылыс жұмыстары осы жылдың бірінші ширегінде басталады. Ал, Өзбекстан Ақпараттық технологиялар және коммуникациялар министрлігі «Деректерді сақтау және өңдеу орталықтарын құру» , «Халықаралық пакеттік коммутация орталықтарын кеңейту», «Телекоммуникациялық көлік желісі және мәліметтер жіберу желісін кеңейту», «Радиобайланыс желісін жаңғырту» жобаларына Жапон халықаралық ынтымақтастық банкінің кредиттік қаржы есебінен 180 млн доллар инвестиция тартуды жоспарлаған. 


Қазірде БАӘ-нің қатысуымен капиталы 1 миллиард доллар болатын «The Abu Dhabi Uzbek Fund» қоры құрылған болып, қор шағын және орта жобаларды, соның ішінде Самарқандта қонақ үй салуды мен «Hyatt Regency Tashkent» қонақүйін жекешелендіруді қаржыландыратыны айтылды.

Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабары. 

7 802
ӨзА