ӨзА Қазақ

22.05.2020 Басып шығару нұсқасы

Президент Шавкат Мирзияев Әндіжанда әкімдер мен экономика саласы басшылары қатысуында жиын өткізді

Президент Шавкат Мирзияев Әндіжанда әкімдер мен экономика саласы басшылары қатысуында жиын өткізді

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзияев Әндіжан облысына жасаған сапары аясында аймақтағы аудандар әкімдері және экономика саласы басшыларымен кездесу өткізуде, деп хабарлайды Президент баспасөз қызметі.

Жиында сөз басын Ораза айт мерекесімен құттықтап бастаған Мемлекет басшысы экономика саласын дамытуға, кедейлікті азайтуға, жұмыс орындарын құруға ерекше назар аударды. Әндіжан облысында 40 мыңнан астам аз қамтылған отбасы бар екендігі, өндірістік жобалар, ауыл шаруашылығы және бау-бақша, отбасылық бизнес, қолөнер, өзін-өзі жұмыспен қамту арқылы олар үшін табыс көзін құру қажеттілігі айтылып, «Премьер-министрдің орынбасарлары, әкімдер мен сала басшылары әр кедей отбасының проблемаларын анықтай тұрып, олармен жұмыс жасауы керек. Статисттер келтірген сандармен осы уақытқа дейін дұрыс бағытқа қарай адымдау мүмкін болмады, халқымызға мұнң пайдасы тимеді. Ұсыныстар мен басқа жайыттар осындағы халықтың ішінен шығуы керек. Министрлер, басшылар кабинетінде емес, аймақтарда, шалғай ауылдарда жұмыс жасауы керек. Мұндай қиын жағдайда жанқиярлық танытпаған басшы сатқын. Сіздер осы халық үшін жалақы алып жүрсіз. Мемлекеттік органның өкілі халыққа неғұрлым жақын болса, соғұрлым көбірек нәтижелер шығады және қоғамда әділеттік теңдігі орнайды, - деді Шавкат Мирзияев».

Енді әр салада «Кедейлікті төмендету жөніндегі штаб» құру жоспарлануда. Бұл штабқа экономика, қаржы, еңбек, инвестициялар, салық органдары мен банктердің өкілдері қосылады. Олардың жалақысының мөлшері қол жеткізілген нәтижелерге байланысты болады. Салық органдары тексерушіге емес, салық төлеушіге көмектесетін болады.


3 333
ӨзА