ӨзА Қазақ

28.12.2019 Басып шығару нұсқасы

Президент Шавкат Мирзияев Науаиы облысындағы «Науаиы» еркін экономикалық аймағындағы жобалармен танысты

Президент Шавкат Мирзияев Науаиы облысындағы «Науаиы» еркін экономикалық аймағындағы жобалармен танысты

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 28 желтоқсанда Науаиы облысына сапармен барып, «Науаиы» еркін экономикалық аймағындағы жобалармен танысты.

Атаулы еркін экономикалық аймақ 2009 жылы құрылған болып, кезең-кезеңмен дамытылып, Президенттің 2018 жылғы 5 маусымдағы Жарлығына сәйкес оның қызметі мен мүмкіндіктері кеңейтілді.

Ал, 13 наурызда Шавкат Мирзияев аймаққа жасаған сапарында Науаиы облысын еркін экономикалық аймаққа айналдыру туралы бастама көтеріп, 15 мамырда тиісті қаулы қабылданғаннан соң Науаиы облысы 2030 жылдың 1 қаңтарына дейін инновациялық, жоғары технологиялық, экспортқа бағдарланған және импорт орнын басатын өндірістер үшін еркін экономикалық аймақ ретінде белгіленді және облыс аймағында осындай жобаларды жүзеге асырып жатқан кәсіпорындарға «Науаиы» ЕЭА мәртебесі берілетін болды.

Осы жылдың өзінде аталған экономикалық аймақ резиенттерінің саны 27-ге артып, 66-ға жетті. Жобалардың жалпы құны 437 миллион доллардан асып, қазірде тағы көптеген жобалар әзірлену үстінде.

Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабары. Хабардың толық нұсқасын «president.uz»дан оқи аласыздар.


7 086
ӨзА