ӨзА Қазақ

18.12.2019 Басып шығару нұсқасы

Президент Шавкат Мирзияев Нагоя университетіне барды

Президент Шавкат Мирзияев Нагоя университетіне барды

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияевтің Жапониядағы сапарының келесі бағыты Нагоя университетінде болып, онда білім алып жүрген өзбекстандық студенттермен кездесті.

Нагоя университеті - әлемге танымал білім ордасы болып, құрлықтағы үздік он университетің бірі саналады. Мұнда атақты ғалымдар мен Нобель сыйлығының лауреаттары білім алған. Қазігі таңда білім жұртында 16 мыңнан астам студенттер оқитын болса соның 2,6 мыңын шетелдік студенттер құрайды. Осы күнге дейін 400-ге жуық өзбекстандық білім алған бұл білім ордасында, қазіргі күнде 30 шақты студент тәлім алуда.


Мемлекет басшысы университеттің қызметімен танысып, оның президенті Сейичи Мацуомен кездесті. Кездесуге бірнеше Нобель сыйлығының лауреаттары және басқа да ғалымдар қатысты.

Сіздің елімізге ғылыми ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлкен үлесіңізді біз ерекше бағалаймыз. Сіздің Өзбекстанға жасаған сапарыңыз, әсіресе, былтыр Нобель сыйлығының лауреаты профессор Режи Нойоримен бірге, Өзбекстанның ғылыми өміріндегі маңызды оқиға болды », - деді Шавкат Мирзияев.


5 073
ӨзА