ӨзА Қазақ

12.03.2020 Басып шығару нұсқасы

Президент Хорезмдегі «Хазорасп» еркін экономикалық аймағына барды

Президент Хорезмдегі «Хазорасп» еркін экономикалық аймағына барды

Өңірлердің дамуымен және халықтың тұрмысы жайлы жақынан танысу мақсатында Хорезм облысына жұмыс сапарымен барған Президент Шавкат Мирзияев «Хазорасп» еркін экономикалық аймағында орналасқан «Develop Textile» шетелдік кәсіпорнының жұмыс тәртібімен танысты.

Жалпы құны 306 миллион доллардан асатын «Хазорасп» еркін экономикалық аймағы шетелдік инвесторлар тарапынан 266 миллион доллары қаржыландаралған болып, мұнда 19 тұрдегі жоба жүзеге асырылуда. 1100-ден астам жұмысшы істейтін ортада сэндвичті панельдер, жуғыш заттар, автокөлік радиаторлары, құрылыс материалдары, трикотаж киімдері, медициналық қолғаптар, аяқ киім және басқа да тауарлар өндіріледі.

«Develop Textile» шетелдік ЖШС компаниясы биылғы жыл 13 миллон долларлық жоба негізінде жұмыс бастап, кәсіпорын Германия мен Түркиядан заманауи құрылғылармен жабдықталды. Соның арқасында 760 жұмыс орны ашылған. Кәсіпорын жылына 4 мың тоннаға жуық боялған дайын тігіссіз маталар шығарады және 14 миллион түрлі тігін бұйымдарын дайындайды. Германияға, Францияға және басқа да Еуропа елдеріне жылына 12 млн доллар экспорттау жоспарланған.

Мемлекет басшысы осы кәсіпорын жұмысымен танысып осындағы маман және тігіншілермен сұхбаттасты.

Биыл «Хазорасп» еркін экономикалық аймағында жалпы құны 26 миллион доллардан асатын тағы төрт компания іске қосылып, 488 жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда.

Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабары.

3 820
ӨзА