ӨзА Қазақ

25.05.2020 Басып шығару нұсқасы

Президент елдегі көлік жұйесінің тұрақты жұмысы мен үздіксіз дамуын қамтамасыз ету жөнінде кеңес өткізді

Президент елдегі көлік жұйесінің тұрақты жұмысы мен үздіксіз дамуын қамтамасыз ету жөнінде кеңес өткізді

25 мамырда Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев көлік секторының тұрақты жұмысы мен үздіксіз дамуын қамтамасыз ету бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Президент баспасөз қызметі.

Коронавирустық пандемияға байланысты Өзбекстандағы транспорт кәсіпорындарына 340 миллион сум шығын келген. Жағдай оңалғанға дейін әліде көрсеткішті санар артуы мүмкін.

Сондықтан, салаға қатысты пандемия зардаптарын азайту мақсатында кәсіпорындарға экономикалық қолдау көрсету үшін бірқатар шаралар қабылдануда. Мәселен, карантиннен ең көп зардап шеккен «Uzbekistan Airways» және «Uzbekistan Airports» АҚ 122 миллион доллар кредиттік несиесінің төлем мерзімі ұзартылды. 60 миллиард сум салық жеңілдіктері беріліп, дағдарысқа қарсы қорыдан айналым капиталы ретінде 50 млн сум пайызсыз қаржы бөлінді.

Еуропа-Қытай бағытында жүк тасымалы нарығына шығу арқылы қосымша табыс алу және инвестициялық шығындарды оңтайландыру бойынша тапсырмалар беріліп, бәсекелестікті арттыру мақсатында азаматтық авиация нарығына жаңа әуе тасымалдаушыларын тарту, «Uzbekistan Airways» компаниясын беделді шетелдік компанияға беру мәселесі қаралды.

Пандемия кезінде теміржол арқылы жүк тасымалына сұраныс күрт өсті. Атап айтқанда, халықаралық жүк тасымалындағы теміржолдардың үлесі 75-тен 87 пайызға дейін артқан болса, бұл қызмет сапасын жақсарту және шығындарды азайту арқылы клиенттер санын көбейтуге жақсы мүмкіндік. Алайда, «Өзбекстан темір жолдары» АҚ жүйесіндегі негізгі құралдардың ескілігі, компаниядағы салалық емес активтердің көп болуы негізгі қызмет түрлерін дамытуға кедергі келтіруде. Сол себепті «Өзбекстан темір жолдары» АҚ-да салалық емес кәсіпорындарды оңтайландыру, тарифтерді қалыптастыру тетіктерін жетілдіру және автомобильдер мен локомотив паркін жаңарту туралы нұсқаулар берілді.

Отандық тасымалдаушылардың санын одан әрі ұлғайту және олардың сыртқы саудадағы үлесін 60 пйызға дейін арттыру шаралары белгіленіп, бір жүк көлігі бес адамға дейін жұмыспен қамтуы керек екендігі және салада 30 000 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік бар екені айтылды.

Жиында Мемлекет басшысы ішкі жолдар мәселесіне назар аударып, олардың жағдайы нашар екенін және адамдар оған наразы екенін айтты. 80 000 шақырымға дейінгі ішкі жолдарды қайта құру және бүкіл әлемде қолданылатын «ақылы жолдар» жүйесін енгізу қажет екендігін жеткізді. Бұл ретте «Қамшық» асуында баламалы туннель құрылысын құрамына алушы «Ташкент – Әндіжан» бағытындағы ақылы жол жобасына тендер жариялауға жөнінде тапсырмалар берілді. 



3 959
ӨзА