ӨзА Қазақ

13.01.2020 Басып шығару нұсқасы

Президент 2020 жылдағы электр энергиясы саласына қатысты жиын өткізді

Президент 2020 жылдағы электр энергиясы саласына қатысты жиын өткізді

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 13 қаңтарда 2020 жылға арналған электр энергетикасын одан әрі дамытудың негізгі міндеттері жайында жиналыс өткізді.

Өткен жылы Өзбекстанда алты ірі жобада аясында 1076 мегаватт электр қуаты іске қосылды. Биыл электр қуатын тұтыну 71 млрд кВт/сағ құрайды деп күтілуде, бұл өткен жылмен салыстырғанда 9 пайызға жоғары.

Жиында осы дереккөзге байланысты Дүниежүзілік банк пен Азия даму банкі әзірлеген жол картасының іске асырылуы талқыланып, Мемлекет басшысы 2020 жылғы электр энергиясын өндірумен оны бөліп жеткізу бойынша сапалы жұмыс атқару керектігін айтты.

Осы саладағы ұзақ мерзімді жоспарларда талқыланып яғни 2030 жылға қарай елде электр энергиясының тұтынуы қазіргіге қарағанда екі есеге артуы мүмкіндігі болып, сол себепті Энергетика министрлігіне алдағы он жылда қуаты 7900 МВт-ты құрайтын жаңа жылу электр станцияларын іске түсіру жөнінде тапсырмалар берілді. 

Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабары. 

7 431
ӨзА