ӨзА Қазақ

22.07.2019 Басып шығару нұсқасы

Орталық Азия мемлекет басшылары күзде Ташкентте кездесулері мүмкін

Орталық Азия мемлекет басшылары күзде Ташкентте кездесулері мүмкін

Бұл жайында Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабар таратқан. 

Хабарда айтылуынша, Өзбекстан үкіметі бұл кездесуді көктем айында Ташкентте өткізуді жоспарлаған. Бірақ белгілі бір себептерге байланысты ол қалдырылған болатын.

Сыртқы істер министрі Абдулазиз Комилов бастаған бір топ делегаттар өткен апта 18 шілде күні Вашингтонда, Өзбекстанның инвестициялық әлеуеті және капитал нарығының келешегіне байланысты презентация өткізген болатын. 

Онда, Өзбекстанның бүгінгі күнгі даму Стратегиясының өркендеу кезеңі, әлеуметтік-саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалары, сыртқы саясаттың дәйекті бағыттары мен Өзбекстан және Америка Құрама Штаттарның қарым-қатнасы жайлы толықтай мәліметтер берілген.

Презентация аясында, АҚШ президенті көмекшісінің орынбасары Лиза Кертис Өзбекстанның соңғы 2,5 жылда негізгі сауда және транзит даңғылы сынды қайта өркендеп жатқан аймақтағы өзгерістер көзіне айналып жатқандығын атап айтып, Орталық Азия мемлекет басшыларының екінші кеңестік отырысы осы жылдың күзінде Ташкентте өткізу жоспарлары мысал ретінде келтірген. 

4 290
ӨзА