ӨзА Қазақ

22.05.2020 Басып шығару нұсқасы

Әндіжандағы «Digital City» технопаркі ашылды

Әндіжандағы «Digital City» технопаркі ашылды

Президент Шавкат Мирзияев Әндіжанға жасаған сапары аясында ондағы жаңадан ашылған «Digital City» технопаркінің жұмысымен танысты.

Жаңадан жұмыс бастаған технопарк аумағы 5,6 гектарды құрайды. Мұндағы кешен ақпараттық технологиялар мен инновациялық жобаларды қолдауға, бағдарламалық өнімдерді экспорттауға бағытталған. Қазіргі уақытта бұл жерде 328 маман жұмыс істейді.

Технопарк жергілікті жастарға, кәсіпкерлерге және жаңа мамандықты үйренгісі келетін азаматтарға арналған кең мүмкіндіктер алаңы болып, онда коворкинг орталығы, дата-центр, үлкен мәжіліс залы, кітапхана, инновациялық зертхана мен оқу бөлмелері, сонымен қатар бизнес-инкубатор, медиа орталық, киберспорт залы қамтылған. Бір сөзбен айтқанда ынталы азамат үшін барлық қолайлықтар жасалған.

Мемлекет басшысы мұндағы жастармен сұхбат барысында оларды үнемі оқуға, ізденуге шақырып: - Сізде өте дұрыс жолды таңдадыңыздар. Бұл көп қырлы және болашағы бар сала. Сіздер басқа жандарға қарағанда 10-15 жыл алда жүруіңіз керек. Өзімізге және шетелдіктерге ыңғайлы қызмет көрсете отырып, анағұрлым өзекті бағыттарда бағдарламалық өнімдер жасап, өзіңіздің отбасыңызға да, қоғамға да пайда келтіре аласыз, - деді Президент.


2 881
ӨзА