ӨзА Қазақ

19.04.2019 Басып шығару нұсқасы

Мун Чжэ Ин: Өзбекстан қазіргі таңда дамудың жаңа дәуіріне қадам басуда

Мун Чжэ Ин: Өзбекстан қазіргі таңда дамудың жаңа дәуіріне қадам басуда

Ресми күтіп алу салтанатынан соң Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев пен Корея Республикасы Президенті Мун Чжэ Ин шығын және кеңейтілген түрде келіссөздер өткізді.

Шавкат Мирзияев жоғары мәртебелі қонақты елімізге мемлекеттік сапарымен құттықтап, бұл көптен күткен және маңызды сапар екенін атап өтті.

- Оңтүстік Корея Өзбекстанның сенімді әрі жақын серіктесі. Мен 2017 жылдағы кездесуімізді үлкен қуанышпен еске аламын. Біздің келіссөздер шынайы және сындарлы жағдайда өткен, салмақты маңызға ие құжжаттарға қол қойылғвн. Бұл жағдай келешектегі ынтымақтастықты дамытуға себеп болды. Сіздің сапарыңыз біздің мемлекетаралық қатынастарға жаңа серпін береді, - дейді Шавкат Мирзияев.

8e4511b5-4961-5632-0f24-077f4fa02f20.jpg

Корея Республикасы Президенті Өзбекстанға шақырғаны үшін алғысын жеткізді.

- Өзбекстан елі - ежелгі және бай тарихқа ие, Ұлы Жібек жолының орталығы болған. Қазіргі таңда сіздің еліңіз дамудың жаңа дәуіріне қадам басуда. Біз Өзбекстанды Оңтүстік Кореяның сауда және инвестициялық байланыстарды дамытуға бағытталған «Жаңа Солтүстік саясатындағы» негізгі орын саналатын серіктес деп білеміз. Сіздің Сеулге барған сапарыңыз кезінде біз стратегиялық әріптестігімізді тереңдете түсіп едік. Бұл жолы біз оны арнайы стратегиялық деңгейге көтеру ниетіндеміз, - дейді Мун Чжэ Ин.

adabe16a-ac84-39c1-d58e-650ac27a0796.jpg

Тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықты жан-жақты дамыту перспективаларын талқылады. Екі ел арасындағы серіктестікті нығайту, халықтарымыз арасындағы достық қарым-қатынастарды кеңейту мақсатында стратегиялық әріптестігін одан әрі нығайтуға келісті.

Сауда-экономикалық қарым-қатынастардың өсу қарқыны оң бағаланып және одан әрі өсу үшін көп мүмкіндіктер бар екендігі атап өтілді. Ол үшін құқықтық және институционалдық инфрақұрылымды жетілдіру, әртүрлі деңгейдегі сапарларды ұлғайту және іскер топтардың кездесулерін көбейту қажет екендігі айтылды.

Тараптар сондай-ақ өзара мүдделі аймақтық және халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасты. Оңтүстік Корея Өзбекстанның аймақтағы көршілерімен татулықты нығайту, Арал теңізі дағдарысының салдарын азайту және Ауғанстандағы бейбітшілікке жәрдемдесу жөніндегі күш-жігеріне қолдау білдірді. 

3a8ed27f-dbe2-af37-9327-6adc5fec1b44.jpg

Кең форматтағы келіссөздердің негізгі бағыты сауда-экономикалық, инвестициялық, қаржы-техникалық, мәдени-гуманитарлық және басқа да салаларда жүйелі ынтымақтастықты дамыту мәселесіне қаратылды.
Өткен жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 2 млрд. 130 млн. АҚШ долларынан асты және соңғы жылдары ең жоғары көрсеткіш болды. 

33fcdb41-9d20-f9ee-e8c3-0f081d2ce3f6.jpg

Елімізде корея инвесторлар қатысуымен түзілген 660 кәсіпорын жұмыс атқаруда. Олардың 354-і жүз пайыз шетелдік капитал негізінде жүзеге асырылған. 

Тараптар экономиканың жетекші секторларын, екі ел арасындағы еркін экономикалық аймақтар мен шағын индустриалды аймақтардағы кәсіпорын құруды, «электрондық үкіметті» нығайту, инновациялық және әлеуметтік салалар бойынша жетекші кадрлар даярлауды жалғастыруға келісті.

Корея Президент Мун Чжэ Ин Шавкат Мирзияевті өзіне қолайлы кезде Оңтүстік Кореяға сапармен баруына ұсыныс айтты. 

05e16e7f-990c-8353-cc3d-fc8e7a72325b.jpg

Өзбекстан Республикасы Президенті Баспасөз қызметінің ресми хабары.

5 977
ӨзА