ӨзА Қазақ

29.07.2019 Басып шығару нұсқасы

Минскте Өзбекстан – Беларусь өңірлерінің форумы өтеді

Минскте Өзбекстан – Беларусь өңірлерінің форумы өтеді

2019 жылдың 29 шілде мен 2 тамыз аралығында өтетін шараға өңірлердің, екі елдің министрліктері мен ведомстволарының өкілдері, парламент өкілдері мен іскер топтар қатысады. Бұл шараға Өзбекстан делегациясын Өзбекстан Республикасының Жоғарығы Мәжлісі Сенаты төрағасының бірінші орынбасары Содиқ Сафоев бастап барады.

Аталған шара барысында, екіжақты ынтымақтастықты дамытудың жол картасын жаңарту, жаңа бірлескен кәсіпорындар құру, тауар айналымы желісін дамыту, ауыл шаруашылығы, ақпараттық технологиялар мен білім беру саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылау жоспарланған.

Сондай-ақ, ондағы өтетін форум аясында «Made in Uzbekistan» өнеркәсітік өнімдері көрмесіде өтетін болады. Сонымен қатар Беларусь елінің Минск және Бобруйск қалаларында Өзбекстан мәдениеті күндері өтеді. 

belarusda_zbekiston_madaniyati_kunlari_tadi_.jpg

27 970
ӨзА