ӨзА Қазақ

24.01.2020 Басып шығару нұсқасы

Мемлекет басшысы Үндеуінде ең маңызды экономикалық және әлеуметтік көрсеткіштерді атады

Мемлекет басшысы Үндеуінде ең маңызды экономикалық және әлеуметтік көрсеткіштерді атады

Ташкентте Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияевтың Олий Мажлис Сенаты мен Заң шығару палатасына кезекті Үндеуі өтуде.

Онда Президент Шавкат Мирзияев 2019 жыл барысындағы орындалған жұмыстар нәтижесін салмақтай келе, барлық салада оң нәтижеге қол жеткізгендігі мен қатар инвестициялар көлемі айтарлықтай өскені жайлы айтты.

Әсіресе тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 4,2 миллиард долларды құрағаны, бұл көрсеткіш 2018 жылға қарағанда 3,7 есеге өскенін және инвестицияның жалпы ішкі өнімінің үлесі 37 пайызға артқаны сөз болды.

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы тарапынан Өзбекстанның несиелік тәуекел рейтингі соңғы 10 жылда алғаш рет жақсарды.

Өзбекстан алғаш рет халықаралық несиелік рейтингке ие болды және әлемдік қаржы нарығында 1 миллиард долларлық облигацияны сәтті орналастырды.

Энергетика, мұнай және газ, геология, көлік, жол құрылысы, ауыл шаруашылығы және су шаруашылығы, ауыз су және жылу жүйелерінде терең құрылымдық реформалар басталды

Өнеркәсіп өндірісі 6,6 пайызға, экспорт көлемі 28 пайызға артты. Алтын-валюта резервтерві 2019 жылы 2,2 миллиард долларға артып, 28,6 миллиард долларға жетті.

Нәтижеде өткен жыл экономикалық өсім 5,6 пайызды құрады.

Үндеу жалғасуда.

9 140
ӨзА