ӨзА Қазақ

05.11.2019 Басып шығару нұсқасы

Мемлекет басшысы жеміс-көкөніс өсіру мен экспортты арттыру жөнінде жиын өткізді

Мемлекет басшысы жеміс-көкөніс өсіру мен экспортты арттыру жөнінде жиын өткізді

5-ші қарашада Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев жеміс-көкөніс секторын одан әрі дамыту және экспортты ұлғайту, жер үйлердегі артық жерді тиімді пайдалануды қамтамасыз ету мәселелері бойынша бейнеконференциялы өткізді.

Өзбекстанның географиялық орналасуы мен климаттық ортасы жеміс-жидек пен көкөніс өндіруге өте қолайлы аймақ болып табылады. Осы табиғи жағдайды ескере отырып халықтың әл-ауқатын жақсартудың ең жедел және жылдам тәсілі - жоғары кірісі бар қарқынды ауыл шаруашылығы құру.

Осы жөнінде Президент Шавкат Мирзияевтің бастамасымен жылыжайлар мен қожалықтағы басқару жүйесін мемлекет тарапынан қолдауы жайлы жарлықтары қабылданды. Бірақ осы тетіктерді қанша оңтайландырсақ-та әлем нарығында жеміс-көкөніс тауарларының саудасы 205 млрд долларды құраған бір жағдайда, Өзбекстанның үлесі бір пайызғда жетпей тұр.

Жиында негізгі мәселе осы жөнінде болып, келесі жылда бұл көрсеткішті 2,5 млрд-қа, келесі үш жылда 5 млрд долларға жеткізу керектігі айтылды. Көзделген мақсатқа жету үшін егіндер мен дақылдарды дұрыс таңдап, өнімділік пен кірісті кемінде екі-үш есеге арттыру мен ысыраптың алдын-алу, өнімді дұрыс сақтау, логистика мен экспортты едәуір дұрыс ұйымдастыру қажет екенін, Мемлекет басшысы жиында айтып өтті.

2b687856-ca63-6ae9-b444-22dd20d2491b.jpg

Жиында айтылған шаралардың тиімді орындалуы үшін әр бағыттағы жауапты басшылар жауап беретін болды.

Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабары. Кеңесті толықтай «president.uz»дан оқи аласыздар.

3 444
ӨзА