ӨзА Қазақ

21.05.2020 Басып шығару нұсқасы

Мемлекет басшысы жаңадан ашылған Ташкенттегі үш бағанды көпірді көзден кешірді

Мемлекет басшысы жаңадан ашылған Ташкенттегі үш бағанды көпірді көзден кешірді

Президент Шавкат Мирзияев 20 мамыр күін Ташкенттегі алғашқы құрылған үш бағанды Ахангаран тас жолы мен Махтумкули көшесінің қиылысындағы жол өткелді көзден кешірді, деп хабарлайды Президент баспасөз қызметі.

Соңғы жылдардағы қаладағы кептелістерді азайту мақсатында Ташкент қалсында 3 жылда 4 көпір құрылып пайдалануға берілді. Бұлар арасындағы ең масштабтысы осы қаланың шығыс бөлігінде орналасқан үш бағанды көпір болды.

Қаладағы көлік қозғалысының кептелісі мен сыртқы мекендер арасын едәуір жақындату мақсатында басталған жоба 2018 жылда қолға алынған еді. Қазір мұнда бір сағатта 20 мың көлік қатынауына мүмкіндік туды. Ташкент пен Шымган арасы 22 шақырымға қысқарды.

Көпірдің алғашқы төменгі қабатының ұзындығы 502 метр, ені 26,7, биіктігі 5,5 метрден тұрады. Орта бөлігінің ұзындығы 29 метр, жолдың кеңдігі 24,5 метрді құраса, үстінгі бөлік 593 метрлі ұзындықта бағыт алған 26,7 метр енді қарама-қарсы қатнау бөлігінің әр бірі үш жолақтан тұрады. 


1 879
ӨзА