ӨзА Қазақ

10.03.2020 Басып шығару нұсқасы

Мемлекет басшысы жаңа жобаларды жетілдіру жөнінде тапсырмалар берді

Мемлекет басшысы жаңа жобаларды жетілдіру жөнінде тапсырмалар берді

10 наурызда Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев елдің бірқатар облыстарында жүзеге асырылып жатқан жобалармен танысты.


Мемлекет басшысы осы жылда «Олий Мажлиске» жасаған жолдауында әлеуметтік және экономикалық өмірдің барлық салаларына сандық технологияларды кеңінен енгізуге басымдық беру мен «Ғылым және цифрлық экономиканы дамыту» жылына арналған мемлекеттік бағдарлама аясында «Цифрлық Өзбекстан - 2030» стратегиясын әзірлеу міндетін қойған болатын.

Соған байланысты сандық технологияны дамытуға арналған «Цифрлық Ташкент» жобасында қаржыландыру мәселесі талқыланып, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде бизнес-қоғамдастықтың белсенді қатысуы үшін жағдай жасау қажет екендігі айтылды. Сондай-ақ «Электрондық үкімет» жүйесі арқылы көрсетіліп жатқан мемлекеттік қызмет сапасын арттырумен оны электрон жүйеге ауыстыру жұмыстарын жылдамдату және мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ашықтық пен нақтылығын қамтамасыз ету керектігі айтылды.


Президент «Узархив» агенттігінің жұмысын нығайтуға арналған жоба және жаңа кітапхана құрылысы, түрлі конференцияларға арналған залдар, қала ішінде туристер үшін арналған көне стилде сауда орталықтары құрылысының жобасымен танысып өз ұсыныстарын айтты. 

Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабары. Жиынның толық нұсқасын «president.uz»дан оқи аласыздар.


2 594
ӨзА