ӨзА Қазақ

30.08.2019 Басып шығару нұсқасы

Мемлекет басшысы Өзбекстандағы шетел дипломаттарын «Достық» орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Өзбекстандағы шетел дипломаттарын «Достық» орденімен марапаттады

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияевтің жарлығына байланысты, Өзбекстандағы шетел дипломаттарының Өзбекстанмен арадағы байланыстарды күшейтіп, ынтымақтастықты  нығайтып, сауда-экономикалық 
қарым-қатнасты және түрлі салаларда өзара тиімді келісім-шарттарға қол жеткізгені үшін

Өзбекстан мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы арасында көпжақты ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Өзбекстандағы жобаларды үйлестіруші Жон МакГрегор «Достық» орденімен марапатталсын.

Өзбекстан мен АҚШ арасында парламентаралық диалогты күшейту мен қоса Өзбекстандағы соңғы жылдарда жүзеге асырылып жатқан реформалар жайында халықаралық қауымдастықты хабардар етіп тұрғаны үшін АҚШ Конгрессі Өкілдері палатасының мүшесі Трент Келли «Достық» орденімен марапатталсын.

Өзбек халқының тарихы мен мәдениеті туралы терең ғылыми зерттеулердің дамуына, олардың негізінде бірқатар іргелі ғылыми еңбектер шығаруға қосқан қомақты үлесі мен Өзбекстандағы жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік реформаның сипаты мен ауқымы туралы халықаралық қоғамдастықты хабардар етуде қосқан үлесі үшін Д. Хопкинс университеті жанындағы Орталық Азия және Кавказ институтының жетекшісі Фредерик Старр «Достық» орденімен марапатталсын.

Өзбекстан мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы көпжақты ынтымақтастықты дамытуға үлкен үлесі үшін БҰҰ-ның Өзбекстандағы тұрақты үйлестірушісі Хелена Фрейзер «Достық» орденімен марапатталсын.

Өзбекстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестікті дамытудағы үлкен қызметтері үшін Ресей Федерациясының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Владимир Львович Тюрденев «Еңбек Даңқы» орденімен марапатталсын.

Өзбекстан Республикасы Президенті Ш. МИРЗИЯЕВ

Ташкент қаласы
2019 жыл 29 тамыз


8 088
ӨзА