ӨзА Қазақ

14.01.2020 Басып шығару нұсқасы

Мемлекет басшысы Өзбекстан Республикасы Қарулы Күштерінің 28 жылдығы және Отан қорғаушылар күні мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Өзбекстан Республикасы Қарулы Күштерінің 28 жылдығы және Отан қорғаушылар күні мерекесімен құттықтады

Құрметті сарбаздар мен сержанттар, офицерлер және генералдар, Қарулы Күштердің ардагерлері!

Қадірлі отандастар!

Өз өмірін Отанын қорғаудай ұлы және асыл қызметке арнаған сіздей ғазиз азаматтарды Өзбекстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына 8 жыл толуы мен Отан қорғаушылары күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.

Осынау айтулы мерекеде баршамыз ең әуелі өз жауынгерлік постында әрқашан қырағы және сергектік танытып, еліміз шекарасын көз қарашығындай қорғап кележатқан батыл және адал жас ұландарымыз, жанқияр отансүйгіш азаматтарды ұлықтап олар атына ізгі тілектер айтамыз.

Құрметті достар!

Отан тәуелсіздігі, бейбіт халқымыздың, еркін және гүлденген өмірінің бұзылмас кепілі болған Өзбекстан Қарулы Күштері өтке 28 жылда өтке күрделі және дәл қазіргі сәтте даңқты қалыптасу жолын басып өтті.

Әсіресе, соңғы жылдары жүргізілген түбегейлі реформалардың нәтижесінде ұлттық армиямыз кез-келген қауіпке төтеп бере алатын құдіретті, жылдам және тиімді күшке айналды.

Қадірлі отандастар!

Жаһандық жағдай көз ілеспес дәрежеде өзгеруде, әлемнің кейбір аймақтарында ахуал шиеленісіп, халықаралық терроризм мен экстремизм қаупі күшейе түскені бізден халықаралық және аймақтық жағдайды әр тараптама зерттепу мен болжауды, еліміз қауіпсіздігі және тұрақтылығын қамтамасыз ету, Қарулы Күштеріміздің жауынгерлік дайындығы мен әлеуетін арттыр жөніндегі кешенді шаралардың қажеттілігін қарауды талап етеді.

Біз жоғары сапалы әскери кадрларды, оқу-тәрбие процесінде алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибені, педагогикалық және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, сондай-ақ әскери қызметшілерді, олардың отбасы мүшелерін және Қарулы Күштердің ардагерлерін әлеуметтік-құқықтық жағынан қорғауға бұдан кейінде маңызды мән беруді жалғастырамыз.

Құрметті достар!

Еліміздің батыл да батыр қорғаушылары!

Осынау айтулы мереке күндері мен Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында өз өмірінің орнына әлем халқының азаттығы мен бостандығын сақтап қалуға жеткен жеңіскер ата-бабаларымызға аса жоғары құрмет көрсету қаншалықты маңызды екенін баршамыз сезіне тұрып ізгі амалдарды жүзеге асырудамыз.

Сізге, құрметті әскери қызметшілер - сарбаздар мен сержанттар, офицерлер мен генералдар, Қарулы Күштердің ардагерлері, Отанымызға шын ықыласпен қызмет қылудай абыройлы парызды өтеуде зор денсаулық, үлкен табыс, қажымас-қайрат, отбасыларыңызға жаңа 2020 жыл береке-бақыт және сәттілік жар болуын тілеймін.

Шавкат Мирзияев,
Өзбекстан Республикасының Президенті,
Қарулы Күштердің Бас қолбасшысы


7 265
ӨзА