ӨзА Қазақ

21.03.2020 Басып шығару нұсқасы

Мемлекет басшысы Өзбекстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

Мемлекет басшысы Өзбекстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

Құрметті отандастар!

Ең алдымен, баршаңызды, бүкіл көпұлтты халқымызды келіп жеткен Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Баршамызға аян, Наурыз бейбітшілік пен тату-тәтті өмір салтына үгіттейтін мейрам болғандықтан, тыныштық пен денсаулыққа көңіл бөлсек қағанының баршасына қол жеткізе аламыз.

Бірақта қазіргі әлемдегі глобалды жағдай қай тәрізді түс алғаны баршамызға аян. «Жыл жылдан өзгеше» деген сөз текке айтылмаған. Өйткені өмір бір бағытта жүрмейді. Өмір бар сынақ, қиындық қатар келмек. Осынау ақиқатты бүгінгі күндерде шындап сезінудеміз шамасы, коронавирус деген қауіпті індетке тап болдық. Еліміз бен үкіметіміз бұл қауіпті мүмкіндігінше тезірек жою үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда.

Елімізде өмір сүруші барлық отандастарымыз ұлты, тілі мен дініне қарамай бір болып, үлкен жауапкершілікті сезініп, бірлік пен тәртіпті сақтай отырып, ардақты ақсақалдарымыздың жасаған баталарымен бұл сынақтан да аман-есен өтеміз, деп сенемін.

Құрметті және қадірлі отандастар!

Қисыны келген қиындықтар мен сынақтарға қарамай өмір жалғасуда. Биылғы жылы Наурыз мейрамы жанұяда, отбасы-ошақ қасында кеңінен тойлануда.

Осынау қасиетті күнде баршамыз биылғы жыл құтты келсін, ақ мол болып жыл ырысты болсын деп ниет етеміз.

Алыс та жақын ел халықтарын, Өзбекстанның барша шетелдік дос, жақын ынтымақтастарын шығыстық жаңа жыл – Наурыз мейрамы мен құттықтап, оларға ізгі тілектерімізді жолдаймыз.

Құрметті және қадірлі отандастар!

Лайым, армандаған барлық асыл арман-ниеттеріміз орындала берсін!

Еліміз тыныш, халықымыз аман болсын!

Жаратушы бәрімізді қорғасын!


Баршаңызға Наурыз құтты болсын!

Шавкат Мирзияев,
Өзбекстан Республикасы Президенті

3 176
ӨзА