20 қарашада Президент Шавкат Мирзияев «Узэкспоцентр» ұлттық көрме кешенінде өтіп жатқан Өзбекстанның өнеркәсіптік жәрмеңкесі мен кооперация биржасымен танысты.

Президенттің 2019 жыл 1 мамырдағы «Өнеркәсіптік кооперацияны одан әрі дамыту және жоғары өнім өндірісін кеңейту жөніндегі шаралар туралы» Жарлығына сәйкес ұйымдастырылған бұл шара 18 қарашада басталған болып, көрмеге мыңға жуық кәсіпорындар, компаниялар мен фирмалар, шағын бизнес және жеке кәсіпкерлік мекемелері 10 000-нан астам тауарлар түрімен қатысуда.

Мемлекет басшысы жәрмеңкеге қойылған өнімдермен танысып, олардың саудалы екеніне мән беріп, локализация деңгейіне қызығушылық білдірген. Сондай-ақ, Шавкат Мирзияевке Экономика және индустрия министрлігіндегі құрылған www.cooperation.uz. электрондық ынтымақтастық биржасы туралы ақпарат берілді. Осы портал арқылы өндірушілер өз өнімдерін сатып алушыларды тауып, оларды жеткізуге келісім-шарттар жасай алады. Портал статистика, кеден, салық және сертификаттау агенттіктерінің мәліметтер базасына қосылған болып, тапсырыс беруші мен кәсіпорындар арасындағы келісімдер «онлайн» тәрізде рәсімделуде. 

Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Мемлекет басшысы «Узэкспоцентр» орталығында өтіп жатқан көрмеге барды