ӨзА Қазақ

11.05.2020 Басып шығару нұсқасы

Мемлекет басшысы цифрлық экономика және электрондық үкімет жөнінде жиын өткізді

Мемлекет басшысы цифрлық экономика және электрондық үкімет жөнінде жиын өткізді

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 11 мамырда цифрлық экономика және электрондық үкіметті кеңінен енгізу мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Президент баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысының бастамасымен биылғы жыл «Ғылым мен цифрлық экономиканы дамыту жылы» болып жарияланды. Осы жарияланымде Президент «Олий Мажлиске» Жолдауында цифрлық экономикаға белсенді көшуде алдағы бес жылдықтың басты басымдықтарының бірі ретінде айтқан болатын.

Сандық технологияның қаншалықты маңызды екені бүгінде пандемия жағдайы оның дәлелдей түсті. Өйткені білімалу, мемлекеттік қызмет, мемлекеттік басқару, сауда және қызмет көрсету салаларының барлығы цифрлық экономикаға байланысты екені белгілі болды. Жылдар бойы қашықтықтан көрсетілмеген қызметтер бірнеше күн ішінде ғаламторға қол жетімді болды.

Мамандардың айтуынша, алдағы 3 жылда экономиканы цифрландыру арқылы әлемдегі жұмыс орындарының 22 пайызы интернет-технологияларды қолдану арқылы құрылады. Осының негізінде биыл 28 сәуірде «Цифрлық экономика мен электрондық үкіметті кеңінен енгізу жөніндегі шаралар туралы» Президенттің Жарлығы қабылданды. Құжатқа сәйкес, Ақпараттық технологиялар және коммуникациялар министрлігі цифрлық экономикамен айналысатын интеграцияланған жүйені құрды. Атап айтқанда, «электрондық үкімет», экономика және ауыл шаруашылығы салаларын цифрландыру, IT-парктерді ұйымдастыру және басқару сияқты міндеттер министрліктің толық құзырына берілді.

Соған сәйкес жарлықта жаңа жобалардың қаржы көздері нақты көрсетілген. Электрондық үкімет аясында 1,3 трлн сумдық 104 жоба, экономиканың нақты секторындағы 5,3 трлн сумдық 87 жоба, телекоммуникация саласындағы 15,1 трлн сумдық 35 жоба, ауылшаруашылығындағы 24 жоба және IT-парктерде 18 жоба жүзеге асырылуы белгіленді.

Бүгінгі жиында Шавкат Мирзияев: «Егер біз бұл жұмысты алдағы 2-3 жылда толық жүзеге асырмасақ, кешікке әр жыл елімізді 10 жыл артқа тартады», деді.

Қазіргі күнде мемлекеттік қызмет көрсететін 80 агенттіктің тек 27-сі ғана Мемлекеттік қызметтер агенттігне біріктірілген. Алдағы уақытта Мемлекет басшысының тапсырмасымен министрліктер мен ведомстволарда ақпараттық технологияларды қолдану деңгейіне байланысты басшыларының ай сайынғы сыйақыларын көбейту немесе төмендету жүйесін құрылатын болды.

Ташкент қаласында электронды медициналық картаны, электронды аурухана мен жедел медициналық көмек жүйесін енгізу, осы жылдың соңына дейін әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін «Әлеуметтік қорғаудың бірыңғай тізілімін» енгізу тапсырылды және келесі оқу жылында «1 миллион бағдарламашы» жобасына 47 мың оқушыны қамтуы керек, салаға жағдай жасау үшін мектептерде, 7-сыныптан бастап бағдарламалау негіздерін үйрету керектігі айтылды.

Сонымен қатар, қазіргі кезде қолданыстағы серверлердің толып жатқандығы, бұл саладағы 300-ден астам жобаны жүзеге асыруды 10 есе қуатты серверлер қажет етеді. Ақпараттарды өңдеу орталықтарының санын көбейту, шетелден инвестиция тарту арқылы, құны 30 миллион доллар тұратын «дата-орталық» құру туралы нұсқаулар берілді.


4 057
ӨзА