ӨзА Қазақ

18.10.2019 Басып шығару нұсқасы

Мемлекет басшысы Терміздегі «Отбасы» орталығына барды

Мемлекет басшысы Терміздегі «Отбасы» орталығына барды

Президент Шавкат Мирзияев Сұрхандария облысына жасаған сапары аясында, Терміздегі «Отбасы» ғылыми-практикалық зерттеу орталығы Сурхандария аймақтық бөлімінің қызметімен танысты.

Облыста 600 мыңға жуық отбасы бар болып, олардың 149 мыңнан астамы - жас отбасылар. Орталық қызметкерлері «Дені сау отбасы - салауатты қоғам» тұжырымдамасын жүзеге асыруға, ажырасулардың алдын алуға ерекше көңіл бөліп, отбасылық қатынастар мен проблемалар бойынша зерттеулер жүргізеді.

Мемлекет басшысы отбасылық құндылықтарды ұл-қыздарға дұрыс түсіндіру, отбасылық мәселелер бойынша ғылыми жұмыстар жүргізу, әйелдермен жұмыс жасайтын мамандардың білімдерін арттыру қажеттігін айтып, ұлттық дәстүрлерімізді сақталуын, бөтен ойлар мен ырымдардың пайда болу себептерін түсінтіріп, жастардың санасын қорғау үшін ұсыныстар айтты.

Президент өзінің екі күндік Сұрхандарияға жасаған сапарын аяқтап, Ташкентке қайтып келді.

f1931192-c843-36c3-e57c-424685387b2d.jpg

222.jpg

333.jpg

444.jpg

555.jpg

666.jpg

Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабары. Хабардың толық нұсқасын «president.uz»дан оқи аласыздар.

8 531
ӨзА