ӨзА Қазақ

20.08.2019 Басып шығару нұсқасы

Мемлекет басшысы Тебінбұлақ кені негізінде құрылатын тау-кен металлургия кешенін салу жобасымен танысты

Мемлекет басшысы Тебінбұлақ кені негізінде құрылатын тау-кен металлургия кешенін салу жобасымен танысты

Мемлекет басшысының 2018 жыл 12-ші қаңтардағы қарарына байланысты осы инвестициялық жобаны жүзеге асыру шаралары айқындалған болатын.

Бұл кешен жылына 900 тонна арматура, 225 тонна металл сымтемірлер, 375 тонна уголок, швеллер, 22 тонна түрі құбырлар мен басқа да металл материалдар өндіру қуатына ие. Өнімдердің 35 пайызын экспорттау жоспарланған. Ал кендегі қалған қорлар 1,1 миллиард тоннаны құрайды.

Осы жобаны жүзеге асыру мен дайындауға Германияның «DMT-Group Consulting» және Австияның «Horst Wiesinger Consulting» компаниялары тартылған.

Мамандардың алдын-ала есептеулері бойынша, жоба толық іске қосылғаннан кейін жылына 33 миллион тонна руда өндіріліп, одан 1,5 миллион тонна темір алу көзделген.

Осы бағыттағы жұмысты жүзеге асыру мақсатында «Өзбекстан темір жолдары» акционерлік қоғамының жанынан арнайы дирекция құрылып, ол дирекция «Өзбекстан темір жолдары» АҚ есебінен қаржыландырылатын болады.

Мемлекет басшысына бұл жоба жайында егжей-тегжейлі толықтай мәліметтер беріліп, жобаға жауапты кісілер мен шетелдік мамандардың айтуынша бұл жоба толықтай өзін ақтайтыны айқындалды. Жобаның жүзеге асуы ел экономикасының дамуына, соның ішінде металл өндірісі мен қайта өңдеу көлемінің артуына оң серпін береді. 

a68f343d-0b06-0048-17e8-7c7163e760af.jpg

333c65eb-8ece-7b34-ac7b-1784889f15cf.jpg

0eef7507-c01a-a62e-daf8-8b2796a31b14.jpg

04b520a2-bf1c-86fe-6f1f-aed8c8492d8f.jpg

897db049-17c1-3f50-13b8-c7ba50a3aa1d.jpg


6 831
ӨзА