ӨзА Қазақ

28.10.2019 Басып шығару нұсқасы

Мемлекет басшысы тұрғын үй мәселесі жөнінде кеңес өткізді

Мемлекет басшысы тұрғын үй мәселесі жөнінде кеңес өткізді

28 қазанда Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету және ипотека нарығын дамыту мәселелеріне арналған кеңес өткізді.

2016 жылы Президент тапсырмасымен 2017-2020 жылдарға арналған халықты қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламасы бойынша, жыл басына бері елде 30 мыңнан астам тұрғын үйлер салынды. Олардың 15 мыңы ауылды жерлерде құрылған болса, 15 мыңға жуығы қалалық орталарда салынды.

Елдегі халықты баспанамен қамтамасыз ету үшін жыл сайын 145 мың пәтерден тұратын үйлер салынуы керек екен. Ал оған бюджеттен 30 триллион сум қаржы жұмсалады. Бұл көсеткіш мемлкеттік бюдеттің 23 пайызын құрайды.

Сайып келгенде мемлекеттік бюджеттің осыншама ақшасын тек баспана салуға арнау тиімсіз. Ондай боған күннің өзінде жеке секторлардың көмегінсіз халықтың қажеттіліктерін толық қамтамасыз етуі қиын. Осыған байланысты отырыста ипотека жүйесіне нарықтық тетіктерді кезеңімен енгізу, саладағы жеке сектордың рөлін арттыру мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ салынған баспаналардың бағасы шарықтап кетпеуі үшінде қажетті шараларды көрі міндеті жүктетілді.

Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабары. Толықтай «president.uz»дан оқи аласыздар.

6 290
ӨзА