ӨзА Қазақ

14.09.2019 Басып шығару нұсқасы

Мемлекет басшысы Қоқан мен Марғыланды нығайту жөнінде тапсырмалар берді

Мемлекет басшысы Қоқан мен Марғыланды нығайту жөнінде тапсырмалар берді

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев алғашқы рет Қоқан қаласында өтетін Халықаралық қолөнер фестивалінің маңызды шараларына қатысу үшін Ферғана облысына келген болатын.

Сол сапар аясында Мемлекет басшысы “Қоқан” еркін экономикалық аймағында болып, ондағы Қоқан мен Марғылан қалаларының алдағы уақытта комплексті дамуына байланысты жоспар-жобаларымен танысты.

Жобамен танысқан Президент Шавкат Мирзияев екі қаланың тұрғын-үй мәселесі жөніндегі жоспарларды қайта қарау керектігін айтып, бұл жөнінде бес жылдық жоспар дайындау жайында тапсырма берді.

f092e703-db33-e40a-0285-0c1722d60a48.jpg

- Алдымен қай ортада қиын жағдайлар бар осы жөнінде халықпен ақылдасу қажет. Олар қай жерде соғылатын үйлерден хабардар болсын. Жұмыс орны мен жасайтын мекені жақын болуы маңызды. Сонымен қатар, мұндағы халықтың шеберлігіне байланысты кәсіпорындары дамыту қажет, - деді Шавкат Мирзияев.

Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабары.

6 715
ӨзА