ӨзА Қазақ

21.05.2020 Басып шығару нұсқасы

Мемлекет басшысы Әндіжандағы тігін өндірісі бойынша заманауи кәсіпорынның жұмысымен танысты

Мемлекет басшысы Әндіжандағы тігін өндірісі бойынша заманауи кәсіпорынның жұмысымен танысты

Мемлекет басшысы Әндіжанға жасаған сапары аясында «ВБМ Текстил Групп» ЖШС-ке тиісті экспортқа бағытталған дайын тігін өндірісі бойынша заманауи кәсіпорынның жұмысымен танысты, деп хабарлайды Президент баспасөз қызметі.

Бұл тігін өндірісі бойынша заманауи кәсіпорынның аяққа тұруына 6,5 миллион доллар қаржы жұмсалған. Италия, АҚШ және Жапонияның заманауи тігін машиналары мен құрылғылары орнатылған кәсіпорын жылына 3,5 миллион дана дайын трикотаж бұйымдарын шығаруды және олардың 90 пайызын шетелге экспорттауды жоспарлап отыр. Жобаны іске қосу нәтижесінде 1200 жаңа жұмыс орны ашылған.

Кәсіпорынның жұмыс істеу тәртібімен танысқан Мемлекет басшыс мұндағы мамандар және тігіншілерімен сұхбатта: - Алдымен, сіздерді келе жатқан ұлық мерекемен құттықтаймын. Бұл зауыт Әндіжан халқына ерекше сыйлық болды. Біз үшін әрбір жұмыс орны маңызды. Мен мұнда көптеген әйелдер жұмыс істейтініне өте қуаныштымын. Біздің кәсіпкерлер әлемдік нарыққа шығуда. Бұл дүниетанымның өзгеруі, мүмкіндіктердің нәтижесі, - деді Президент.

Қазіргі уақытта кәсіпорынның ТМД елдерімен экспорттық келісімдері бар болып, оның географиясын кеңейту мақсатында Еуропалық Одақ елдерімен қосымша келісімдер жасалуда.


2 675
ӨзА