ӨзА Қазақ

22.05.2020 Басып шығару нұсқасы

Мемлекет басшысы Әндіжан облысындағы көп қабатты үйлер құрылысының жұмысын сынға алды

Мемлекет басшысы Әндіжан облысындағы көп қабатты үйлер құрылысының жұмысын сынға алды

Президент Шавкат Мирзияев Әндіжанға жасаған сапары аясында облыстың «Қожаабад» ауданында салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысымен танысты, деп хабарлайды Президент баспасөз қызметі.

Әндіжан - елдегі ең кіші және халық тығыз орналасқан аймақ. Облыс республика аумағының 1 пайызын құраса, халық 10 пайызды құрайды. Сондықтан аймақтағы әр қарсы жерді тиімді және ұтымды пайдалану қажет. Әндіжан – Ош автомагистралды тасжолына жақын маңда 1 420 бөлмелі 35 көп қабатты тұрғын үй құру жұмыстары мен мектеп, тігін цехы және спорт кешені салынуда.

Атаулы құрылыс нысанына барып, жұмыстарды көзден кешірген Мемлекет басшысы құрылыс жұмыстарындағы кемшіліктерді айтып, мұндай жерлерде үйлер салу - елдегі жаңа тәжірибе екенін, оларды халықаралық стандарттарға сәйкес салу қажет екенін айтты. Сонымен бірге жобаны жақсарту және тұрғындарға ыңғайлы көлік маршруттарын құру туралы нұсқаулар берді.

Осылайша Мемлекет басшысының Әндіжан облысына жасаған екі күндік сапары аяқталып Ташкентке қайтып келді. 


3 431
ӨзА