ӨзА Қазақ

23.08.2019 Басып шығару нұсқасы

Мемлекет басшысы мектеп білімін дамытуға арналған видеоселекторлы жиын өткізді

Мемлекет басшысы мектеп білімін дамытуға арналған видеоселекторлы жиын өткізді

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияевтің төрағалығымен 23 тамыз күні халықтық білім беруді дамыту, педагоктардың беделін және олардың қоғамдағы абыройын көтеру, жас ұрпақ руханиятын өркендетуге арналған бейнеконференция өтті.

Мемлекет басшысы жиында мектептегі білім беру жүйесін реформалау жайында Өзбекстанда жүзеге асып келе жатқан шаралар мен түрлі жұмстарды айта келе ұлы ағартушы Махмудқожа Бехбудидің «Әлем ғимараттары ішінде ұлығы мектеп» деген сөзін мысал ретінде келтіріп өтті.

Шынында да, әлемдегі дамыған елдердің тарихына көз жүгіртсек, қоғам өмірін өзгертуге бағытталған реформалар білім беруден, тәрбиелеуден бастау алғанына куә боламыз. Себебі мектепті өзгертпей адамды немесе қоғамды өзгерту мүмкін емес. Білім мен тәрбиенің негізі - мектеп. Мектептің қозғаушы күші - мұғалімдер.

Әрине елімізде педагоктар еңбегін бағалауға ерекше назар аударылуда. Соңғы үш жыл ішінде мұғалімдер жалақысы орташа 2,5 пайызға артты. Алыс мекенді ауыл-аймақтарға барып еңбек ететін оқытушыларға арнайы жеңілдіктермен мүмкіндіктер қарастырылып, қосымша жалақыға 50 пайыз көлемінде айлық белгіленген.

Осындай өзгерістер мен атқарылып жатқан жұмыстардың болуына қарамай оқыту методикасы мен білім стандарттарында жетерліктей қисынсыз шаруалардың бар болуы, кейбір мұғалімдердің білімі қазіргі заман талабына сай келмейтіні жайлы да жиын барысында сөз айтылды.

546966fe-c23b-3247-b954-d49a1dd7b06c.jpg

Өзбекстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі хабары. Хабардың толық нұсқасын «president.uz»дан оқи аласыздар. 

8 075
ӨзА