ӨзА Қазақ

18.03.2020 Басып шығару нұсқасы

Мемлекет басшысы коронавирусқа байланысты халыққа жолдау жасады

Мемлекет басшысы коронавирусқа байланысты халыққа жолдау жасады

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияев 18 наурызда махалла мен жанұялық мәселелерге арналған видеоселекторлы жиынның алғашында әлемге қауіп төндірген «COVID-19» коронавирус мәселесіне тоқталды.

Қазірге келіп әлемнің 160-тан астам ел аумағына тараған осынау індеттің кесірінен жахандық экономика құлдырап, қаншама маңызы бар шаралар мен салтанатты рәсімдер өтпейтін болды. Одан қалса 200 мыңнан астам адам вируспен ауырып, 8248 жанның өліміне әкелді. Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл жағдайды «пандемия» деп жариялады.

Өкінішке орай осы ауру Өзбекстан аумағынада келіп жетіп, тіпті төрт күннің ішінде 15 кісіде анықталған. Осы жағдайды ескере Президенттің тапсырмасымен арнайы комиссия құрылып, мемлекет аумағына вирустың кіріп келуі мен таралуына қарсы шаралар қолға алынды. Шетелдегі отандастар арнайы чартерлік рейстермен әкелініп карантиндік бақылауға алынуда. Шекаралар жабылып, әуе қатынасы мен көлік қозғалысы тоқтатылды. Бірақта халықаралық жүк тасушы транспорттарға шектеу қойылмаған мен оларды тексеру процесі қатаңдатылған. 

fd4d594f-d45e-eb08-353d-aa1dfe95ce56.jpg

Барлық жағдай толық бақылауға алынғандығын айтып, Мемлекет басшысы Өзбекстан халқына жолдау жасап: -өмірдің жақсы да, жаман күндерін бірге өткізген халқымыз барлығын дұрыс бағамдай бұл жағдайға түсіністікпен қарауда. Дін басыларымыз еліміздің тыныштығы мен науқастар саулығы үшін дұға жасап, жаратқаннан сұрауда. Ұлты, тілі мен діні қандай болуынан сырт біз бәріміз бір тұтаспыз және бұл қиындықтар сөзсіз өтеді деп сенеміз. Ол үшін ең алдымен дәрігерлер кеңесіне құлақ асып, жеке гигиена және санитария ережелерін міндетті түрде сақтауымыз керек. Ауруды жасырмай өз уақтында айту оның алдын-алудың ең тиімді әдісі.

Азық-түлік пен басқа да күнделікті тұтынатын тауарлардың бағасы көтерілмеуі үшін барлық шаралар қабылдануда. Елімізде қажет ресурстар жеткілікті, дүрбелеңге түсіп болмашыға уайымдауға ешқандай себеп жоқ. Бірақ көпке келген мына індетке қарсы баршамыз бірге жұмыс жасауымыз керек. Осындай қысылтаяң шақта кейбір «қара пияр» қуғанды ұнататын адамдар түрлі өсек-аян таратып халық араснда дүрбелең ояқтуға әрекет жасайды. Мен сіздерден өтініш жасаймын ешқандай уайымға түспеңіз, әлеуметтік желілер мен БАҚ беттерінде жалған ақпарат таратуға қарсы барлық қажетті шаралар қолданылады.

Құрметті отандастар! 

Коронавирустың кесірі ел экономикасында өз әсерін тигізуі хақ. Соңғы кезде әлемдік мұнай бағасының құлдырауының арқасында газ экспортымыз да азайуы мүмкін. Шетелдегі сауда серіктестеріміздің ұлттық валютасының құнсыздануы республикамызға ақша түсімін азайтып, шетелдік саяхатшылардың да ағымын сейілтіп жіберуі әбден мүмкін. Соның арқасында жалпы ішкі өнімнің де төмендеуі табиғи құбылыс. Менің тапсырмам мен жұмыс тобы

туризм, көлік, фармацевтика және жеңіл өнеркәсіп сынды салаларда салық демалысы беру, несиені қайтару мерзімін кешіктіру мен сыртқы қарыз үшін пайыз қоспау жайлы тәртіп енгізу шаралары қолға алынған.

Бүгін мен көршілес екі елдің - Қазақстан мен Түркіменстанның басшылары Қасым-Жомарт Тоқаев және Гурбангулы Бердімұхамедовпен телефон арқылы сөйлесіп, осы мәселеде ынтымақтастық жасау мен бір-бірімізді қолдау жайлы келістім. Көпті көрген халқымыздың осындай жағдайда бірлесіп мынадай сынақты кезеңді жеңіп өтеді деп сенемін, деді Шавкат Мирзияев.

Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабары. Жиынның толық нұсқасын «president.uz»дан оқи аласыздар.


3 087
ӨзА