ӨзА Қазақ

12.03.2020 Басып шығару нұсқасы

Мемлекет басшысы Хиуадағы Президент мектебіне барды

Мемлекет басшысы Хиуадағы Президент мектебіне барды

Президент Шавкат Мирзияев Хорезмге жасаған жұмыс сапары аясында Хиуа қаласында жаңадан салыны пайдалануға берілген Президент мекетбіне барып, балалардың оқу үрдісімен танысты.

Биыл ғана өз жұмысын бастаған атаулы зияткерлік мектепте 5-10 сыныптар аралыңындағы оқушылардан 144-ті сабақ алуда. Оларға білім беруге 9 шетелдік және жергілікті 21 үздік маман жұмылдырылған.

Мемлекет басшысы мектепте жасалған жағдаймен танысып, оқушылармен әңгіме барысында: -«Біз үлкен жетістіктерге жетуге аттандық. Сол мақсаттарға жетуде сіздер секілді жастарға сенеміз және арқау етеміз. Қиын сынақтардан өтіп, сіздер осы мектепке яғни үлкен жолға қадам бастыңыз. Бұл ортада ең мықтылар білім алады. Сіздерге осылай тәрбие берген ата-анаңызға менің атымнан рақымет айта барыңыз. Ең алдымен бұл олардың және меніңде бақытым, бұл бүкіл ұлттың бақыты, - деді Президент.





4 460
ӨзА