ӨзА Қазақ

19.05.2020 Басып шығару нұсқасы

Мемлекет басшысы кәсіпкерлерді қолдаудға бағытталған шаралар жөнінде жиын өткізді

Мемлекет басшысы кәсіпкерлерді қолдаудға бағытталған шаралар жөнінде жиын өткізді

19 мамырда Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияевтің төрағалығымен кәсіпкерлікті қолдаудың қосымша шаралары туралы бейнеконференциялы жиын өтті, деп хабарлайды Президент баспасөз қызметі.

Жиында ең алдымен, кәсіпкерлердің құқықтары мен мүлікке қол сұғылмауының кепілдіктеріне үлкен назар аударылып, бұл ретте Мемлекет басшысы: барық әкімдерге ескертемін, қайсібір кәсіпкердің жеке мүлкі заңсыз қолды болар болса, әкім тек жұмыстан кетумен ғана құтылмайды, бәлкім заң алдында жауапқа тартылады, деді.

Президенттің тапсырмасына сәйкес ай сайын әр аудан мен қалада бизнес ортасы талданып, қорытындыланады. Сондай-ақ, Бизнес-омбудсмен үкіметке кәсіпкерлердің құқықтары мен мүлікке қол сұғу қағидасын бұзатын аудан және қала әкімдері жөнінде есеп береді. Министрлер Кабинеті кәсіпкерлердің мәселесін шешпеген және олармен жеткілікті дәрежеде жұмыс жасамаған қалалар мен аудандар әкімдерінің еңбегін қарастырады.

Өз бетінше жұмыспен айналысатын адамдарға лайықты жағдайлар жасау мақсатында жаңа жүйені енгізу жоспарлануда. Яғни, шаштараз, етікші, наубайхана, темір ұстасы, ағаш ұстасы, тігінші, такси жүргізушісі, фотограф, аудармашы, дизайнер, компьютер бағдарламашылары сияқты 60-тан астам өзін-өзі жұмыспен қамтыған мамандар табыс салығынан босатылған. Бұл жеңілдіктен пайдалану үшін салық органдарына телефон арқылы хабарлау жеткілікті. Алдыңғы қатарлы шетелдік тәжірибеге сүйене отырып, осындай азаматтарды тіркеу және есепке алу үшін мобильді қосымша жасалады.

Отырыста Мемлекеттік активтерді кәсіпкерлерге сату жүйесі сынға ұшырады, өйткені ол әлі де бюрократиялы жүйені сақтап қалған. Атап айтқанда, аукционға шығарылған кейбір жер учаскелері мен жылжымайтын мүліктің 53 пайызы ұзақ уақытқа сатылмай тұр. Оған бірден бір себеп нысанға жоғары инвестициялық міндеттемелер жүктеліп, инфрақұрылымның дамымаған аудандардан бөлінуіне байланысты. Сондай-ақ, соңғы 4 айда 57 аудан мен қалада бизнес үшін жер учаскелері аукционға қойылмаған. Алайда осы аудандарда 552 мемлекеттік нысан босқа қаңырап тұр.

Пандемияның кері әсерін азайту аясында «Әрбір отбасы - кәсіпкер» бағдарламасы бойынша бөлінген 1 трлн сумдық кредиттік қаржыны қайтару мерзімі ұзартылып, бағдарламаны толық жүзеге асыру үшін Қайта құру және даму қорынан 100 миллион доллар тағы бөлінді.

Президент кәсіпкерлерге өнімдерді, жабдықтарды, шикізат пен айналым капиталын алуға несие алуға қойылған барлық шектеулерді алып тастау керектігін міндеттеп, Орталық банкке шағын бизнес пен отбасылық бизнесті несиелеу шарттарын жеңілдетуді тапсырды.


1 874
ӨзА