ӨзА Қазақ

26.05.2020 Басып шығару нұсқасы

Мемлекет басшысы инвестициялық мәселелерді талқылауға арналған бейнеконференциялы жиын өткізді

Мемлекет басшысы инвестициялық мәселелерді талқылауға арналған бейнеконференциялы жиын өткізді

26 мамырда Өзбекстан Республикасы Президенті төрағалығымен өткен инвестициялық мәселелерді талқылауға арналған бейнеконференцияның басында Өзбекстанда коронавирустық пандемиямен күрес бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға ерекше назар аударылды, деп хабарлайжы Президент баспасөз қызметі.

-Кейінгі күндері елдегі коронавирус жұқтырған жандардың көбейгені белгілі. Елдегі карантиндік бақылауды жұмсатқанымызды кейбір аймақтағы кәсіпорын басшылары індет аяқталды деп қабылдауда. Бүгінге дейін шетелден әкелінген отандастарымыз қазірге 47 мыңға жуықтады. Олардың соңғы екі аптада келгендерінен вирус шалдыққандар тіркелуде.

Алдағы 10 күн ішінде 3,5 мың азамат әуе рейстері арқылы, 7 мыңы шекаралық посттар арқылы елге қайтуы күтілуде. Бұдан бөлек тағы 100 мыңнан астам азамат елге қайтуға ниет білдіріп кезек күтуде. Олар болып тұрған елдер мен көрші мемлекеттердегі жағдайды көріп, беймаралдыққа бой алдыру мүмкін емес.

Бүгінгі таңда 40 аудан (қала) «қызыл» және 45 «сары» түрдегі аймақтар болып табылған. Ең қаупті тұсы, соңғы 10 күнде тұрғындар арасындағы вирустану жағдайының саны артып келеді. Олардың 57-сі Науаиы қаласында, 73-і Самарқандта, 114-і Ташкент және Ташкент облысында анықталған. Әсіресе, базарларда, сауда орталықтарында, банктерде, әлеуметтік қашықтықта сақтамау, көшеде медициналық бетперде тақпау және үйде түрлі шаралар өткізу себебінен көбеюде.

Мұндай келеңсіз жағдайлар аурудың алдын алуға және емдеуге бағытталған барлық күш-жігерімізді, триллиондаған бюджет шығындарымызды жоққа шығаруы мүмкін. Сондықтан Республикалық комиссия облыс әкімдерімен бірге бір күн ішінде эпидемиологиялық жағдай нашар аудандардың санатын қарап, карантиндік шараларды күшейту туралы ұсыныс жасасын.

Әрине, карантиндік шараларды жеңілдету нәтижесінде 19 мыңнан астам (91%) өнеркәсіптік, 9000 (76%) құрылыс, 51000 (52%) қызмет көрсету және 45000 (44%) коммерциялық кәсіпорын өз жұмысын тіктеді. Мұның нәтижесінде мамыр айында салық және кедендік түсімдер өткен айдың осы кезеңімен салыстырғанда 230 млрд сумға, ал тауар биржасында құрылыс материалдары сатылымы 20 пайызға артты, деді Мемлекет басшысы.


3 869
ӨзА