ӨзА Қазақ

25.12.2019 Басып шығару нұсқасы

Мемлекет басшысы грант қаражатын тиімді пайдалану мәселелері жөнінде жиын өткізді

Мемлекет басшысы грант қаражатын тиімді пайдалану мәселелері жөнінде жиын өткізді

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 25 желтоқсан күні грант қаражаттарын белсенді тарту және тиімді пайдалану жөнінде кеңес өткізді.

Қазіргі таңда халықтың әлеуметтік-экономикалық өмірін жақсарту мақсатында гранттар, техникалық көмек және басқа да шетелдік көмек тарту, халықаралық ұйымдармен және қорлармен байланысты дамыту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Осы жұмыстар бойынша Мемлекет басшысының «Шетелдік өтеусіз көмек қаржыларын тарту тетіктерін жетілдіру және донорлармен жұмыс жасау шаралар туралы» Жарлығына сәйкес жаңа вертикалды жүйе құрылып, оған Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігі жауапты ретінде гранттарды үйлестіру және бақылау мен қатар донорлармен жұмыс істеу де министрлік құрамынан жаңа бөлім ашылды.

Жиында, шетелдік тартылған гранттар есебінінен жалпы республика бойынша 667 миллион долларлық қаржыға бар болғаны 160 жоба жүзеге асырылғаны айтылып, осы жобалардың жай-күйін, қаражатты пайдалану тиімділігін бағалауды және олардың мақсатты пайдаланылуын бақылау механизмі жоқ екендігі мен бөлінген гранттар бойынша пайдалануға берілген қондырғылар мен жабдықтар тиімді пайдаланылмай жатқаны анықталған. 


Осыған байланысты грант қаражыларын белсенді тарту және оларды тиімді пайдалану бойынша алдағы міндеттер талқыланды.

Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабары. Хабарды толықтай «president.uz»дан оқи аласыздар. 


6 089
ӨзА