ӨзА Қазақ

14.08.2019 Басып шығару нұсқасы

Мемлекет басшысы елдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін дамыту бойынша кеңейтілген жиын өткізді

Мемлекет басшысы елдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін дамыту бойынша кеңейтілген жиын өткізді

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияевтің төрағалығымен 14-ші тамыз күні мемлекетті әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша 2019 жылдың бірінші жарты жылдығында жүзеге асырылған жұмыстарды талқылау мен қатар 9 айлық және жыл соңына қарай белгіленген болжамдық көрсеткіштерге қол жеткізуін қамтамасыз ететін басым мәселелер бойынша кеңейтілген жиын өтті.

Жиынға, Өзбекстан Республикасы Жоғары Мәжілісі палаталарының басшылары, Премьер-министр және орынбасарлары, Қарақалпақстан Республикасы Жоқарғы Кеңесінің Төрағасы, Ташкент қаласы мен облыс әкімдері, министрліктер, ведомстволар, шаруашылық ассоциациялар мен коммерциялық банк басшылары қатысты.

Алқалы жиында, макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, отын-энергетика, өңдеу өнеркәсібі мен агроөнеркәсіптік кешенді модернизациялау, өңірлерді кешенді дамыту, кәсіпкерлікті қолдау, әлеуметтік саланы және әл-ауқатты жақсарту жөніндегі шаралардың нәтижелері кеңінен талқыланды.

Ендігі кезде Министрлер Кабинетінің басшылары, министрлер, комитеттер мен экономикалық бірлестіктердің төрағалары өздерінің жұмыс істеу процесін түбегейлі өзгертіп, алыс аймақтар мен ауылдарға барып төмендегі шешілмей жатқан мәселелерді анықтап оны шешуде әкімдер, кәсіпкерлер және жергілікті билік органдарына көмектесуі керек екені айтылды.

Отырыста макроэкономика, құрылымдық реформалар, қаржылық-банктік жүйесі мен жеке кәсіпкерлік мәселелері талқыланып, биылғы жылдың бірінші жарты жылдығында ЖІӨ 5,8 пайызды құрап, өнеркәсіп өндірісі 6,9% өскені, жергілікті бюджеттер ықтиярында 2,6 триллионнан астам қаржы немесе өткен жылғы кезеңмен сәйкес салыстырғанда 1,5 есе көп қажы қалғаны анықталды.

Соңғы бір жылда жалпы ішкі өнім құрамында өнеркәсіп үлесі 26 пайыздан 30 пайызға дейін өскенімен, бұл біз бастаған реформалардың ауқымына әлі де жеткіліксіз», - деді Шавкат Мирзияев.

8f2d7082-b9a7-7d75-7f5c-0d7fd05d4c59.jpg

Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабары. Хабардың толық нұсқасын «president.uz»дан оқи аласыздар. 
 

5 954
ӨзА