ӨзА Қазақ

28.05.2020 Басып шығару нұсқасы

Мемлекет басшысы экономикадағы бәсекелестік ортаны қамтамасыз ету және тұтынушының құқығын қорғау жөнінде жиын өткізді

Мемлекет басшысы экономикадағы бәсекелестік ортаны қамтамасыз ету және тұтынушының құқығын қорғау жөнінде жиын өткізді

28 мамырда Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев экономикадағы бәсекелестік ортаны қамтамасыз ету және тұтынушылардың құқығын қорғау саласындағы басымдықтарды талқылау үшін кеңес өткізді, деп хабарлайды Президент баспасөз қызметі.

Қазіргі күнде Өзбекстанның әлемдік экономикамен байланысы күн сайын артып келеді, Мемлекет басшысы нарықтық экономикаға тұрақты көшу процесінде бәсекелестіктің маңыздылығын айтып, - Мені уайымға салатын мәселе, біздің кәсіпорындар сыртқы бәсекелестікке төтеп бере ала ма? Егер тауар импортталса, біздің елде шығарылған ұқсас тауар онымен бәсекеге түсе ала ма? Егер біз отандық өнімнің өзіндік құнын төмендететін болсақ, олар импортқа түседі. Бәсекелестік жоқ жерде сапа да, баға да жоқ. Заман өзгеруде, бірақ монополиялық кәсіпорындар өзгермей тұр. Қатаң шаралар қабылдауға уақыт келді. Бұл экномикадағы өмір мен өлім демек. Егер басшылар осыған лайықты болса, олар жұмыс істейді, болмаса кетеді », - деді Президент.

Бүгінгі таңда Өзбекстан нарығында 31 тауарлар тобы мен 82 қызмет түрі, 245 кәсіпорын монополды жүйеде екен. Жиында бәсекелестікті дамыту және монополияларға қарсы күрестің мүлдем жаңа жүйесін құру қажеттігі айтылды. Жоғары білім жүйесіндегі бәсекелестікті дамыту бағытында жеке факультет ашып, күндізгі және сырттай оқу бөлімін енгізіп, жаңа пәнді және осы мақсатқа академиялық сағат бөлу туралы тапсырмалар берілді.

- Біз қашан бәсекеге дайын боламыз? Біздің индустрия мен жүйе дайын болған кезде. Салалар қашан дайын болады? Мамандар болса әрине. Біздің ең әлсіз тұсымыз: мықты мамандардың жетіспеуінде, технология мен стандарттардың жоқтығы. Сондықтан біз бұл саланы нөлден бастауымыз керек, - деді Президент.

Ендігі жағдайда бәсекелестікті дамыту жөніндегі сала жүйесіндегі даулы жағдайдың шешімін табу мақсатында мұны сауатты шешілуін қамтамасыз ету үшін Ташкент заң университетіне осы саладағы судьялардың біліктілігін арттыру және судьяларды мамандандыру мен жеке сот алқасын құру қажет екендігі айтылды.


5 315
ӨзА