ӨзА Қазақ

03.12.2019 Басып шығару нұсқасы

Мемлекет басшысы Душанбе қаласы мэрін қабылдады

Мемлекет басшысы Душанбе қаласы мэрін қабылдады

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 3-ші желтоқсанда Тәжікстан Республикасының астанасы - Душанбе қаласының әкімі Рустам Эмомалиді қабылдады.

Кездесудің барысында Шавкат Мирзияев Өзбекстан мен Тәжікстан арасындағы достық және тату көршілік қатынастар соңғы жылдары оңтайлы бағытта дамып келе жатқандығын айтып, бұл бауырлас ел басшысының қолдауымен жүзеге асып жатқаны, жан-жақты ынтымақтастық жаңа деңгейге көтерілгені, екі ел арасында стратегиялық серіктестік орнағанын айтып өтті.

Душанбе қаласының әкімі Рустам Эмомали жылы лебізді қабыл үшін Өзбекстан Президентіне шынайы ризашылығын білдіріп, Тәжікстан басшысы Эмомали Рахмонның сәлемдері мен ізгі тілектерін жеткізді.

Сұхбат шағында тараптар екі елдің астаналары - Ташкент және Душанбе арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтудің практикалық аспектілерін талқылап, қалалық басқару және инфрақұрылымды дамыту, «жол картасы» негізінде бірлескен жобаларды жасау мен мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық сияқты салаларда тұрақты диалог орнату мәселелеріне ерекше назар аударды.

Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабары.

7 753
ӨзА