ӨзА Қазақ

17.01.2020 Басып шығару нұсқасы

Мемлекет басшысы Дүниежүзілік банк делегациясын қабылдады

Мемлекет басшысы Дүниежүзілік банк делегациясын қабылдады

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 17 қаңтар күні Дүниежүзілік банктің вице-президенті Сирил Мюллер бастаған делегацияны құрамын қабылдады.

Қазіргі күнде Дүниежүзілік банк тобы әлемдік жетекші қаржы институты болып табылады және Өзбекстанның әлеуметтік-экономикалық реформалардың жаңа бағдарламасын жүзеге асырудағы стратегиялық серіктесі.

Дүниежүзілік банктің қолдауымен бүгінде Өзбекстанда 5,5 млрд доллар көлемінде қаржылық жаңа жобалар жүзеге асырылуда. Өткен жыл атаулы қаржы институты 1 млрд долларлық жаңа песрпективалы жобларды мақұлдаған.

Кездесуде Мемлекет басшысы атаулы жобалардың баршасы Өзбекстан мен Дүниежүзілік банк арасындағы тығыз ынтымақтастық, ашық және сындарлы диалог нәтижесінде қол жеткізілгенін атап өтті.


Сирил Мюллер Дүниежүзілік банк тобының президенті Дэвид Мелпасстың шынайы құттықтауын жеткізе отырып, банк Өзбекстандағы реформалар бағдарламасын толығымен қолдайтындығын тағы бір мәрте жетікізді.

Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері мен басым бағыттарын талқылады.


Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабары.

7 900
ӨзА