ӨзА Қазақ

31.01.2020 Басып шығару нұсқасы

Мемлекет басшысы бастамасымен Ташкентте жаңа университет құрылатын болды

Мемлекет басшысы бастамасымен Ташкентте жаңа университет құрылатын болды

31 қаңтарда Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзияев Ташкенттің Ғалымдар көшесінде орналасқан ғылыми-зерттеу институтына барып, ондағы білім ордалары негізінде жаңа заманауи университет құру жайында бастама жасап алғашқы іргетасын орнатты.

Мемлекет басшысы ғылыми-зерттеу институтындағы мамандар мен ғалымдар және жас зерттеушілермен сұхбат кезінде «Бір кездері Өзбекстандағы геология саласы жақсы дамыған және бәсекеге қабілетті сала болған. Тіпті басқа жақатардан келіп, біздің елдің мамандарынан сабақ алатын еді. Бірақ соңғы отыз жылдың ішінде бұл сала назардан тыс қалды. Біз осы деңгейді сақтап қала алмадық. Ғалымдар үшін ешқандай бағыт немесе ынталандыру болған жоқ. Заманауй кадрлар шықпады. Шындығында, іс жүзінде геологиялық зерттеулер экономиканың барлық саласы үшін қажет. Ауруды диагнозсыз емдеп болмағаны секілді геологиясызда өндірісті дамыту мүмкін емес. Бүгін біз осы саласының дамуына түрткі болатын білім ордасына іргетес қалаудамыз», деді Шавкат Мирзияев. 

583d4081-8798-394d-4b81-cb6c755c8945.jpg  

Жаңа салынар Геологиялық ғылымдар университеттің жобасымен танысқан Мемлекет басшысы, оқу ғимаратымен зертханаларын халықаралық тәжірибе жүзінде құру жөнінде тапсырма берді.  

Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабары.

7 605
ӨзА