ӨзА Қазақ

29.06.2019 Басып шығару нұсқасы

Мемлекет басшысы Азаматтық авиация әуежайының құрылысымен танысты

Мемлекет басшысы Азаматтық авиация әуежайының құрылысымен танысты

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев «Ташкент-Шығыс» аэродромы негізінде құрылып жатқан әуежайды барып көрді.

Мемлекет басшысы өткен жылы осы жобамен танысып, азаматтық авиация жүйесін жетілдіру жөнінде тапсырма бере тұрып, елдегі іскерлік авиацияны жандандыру қажеттігін де айтқан болатын.

Сол жобаға байанысты құрылыс жұмыстары жедел түс алып бүгінгі кезге дейін әуежай аймағында 4 шақырымды ұзындықтағы 2 ұшу мен қону жолағы және 20 ұшақ үшін арнайы перрон құрылысы жалғасуда.

Бұл әуежайда екі терминал қызмет көрсететін болып, бірінші терминал мемлекет басшыларымен үкімет делегаттарына қызмет етсе, екінші терминалда сағатына мыңға жуық «VIP» жолаушыға қызмет көрсететін ғимараттың құрылысы жалғасуда. Тәулігіне 100 тонна жүк өңдеу, Боинг-787 және А-320 ұшағы және Ми-8 маркалы тікұшақтарына техникалық қызмет көрсету мүмкіндіктері жаратылады.

Жобаның бірінші кезеңін 2020 жылда аяқтау жоспарланған.

1.jpg

2.jpg

3.jpg

4.jpg

Өзбекстан Республикасы Президенті Баспасөз қызметі хабары. Хабардың толық нұсқасын «president.uz»дан оқи аласыздар. 

10 155
ӨзА