ӨзА Қазақ

04.02.2020 Басып шығару нұсқасы

Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығын дамыту бойынша кеңес өткізді

Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығын дамыту бойынша кеңес өткізді

4 ақпанда Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев ауыл шаруашылығындағы кластерлерді дамыту бойынша кеңес өткізді.

Мемелекет басшысының ауыл шаруашылығын дамытуға арналған 2020-2030 жылдарға жоспарланған стратегиясына сай жоғары сапалы жеміс-жидек өнімдер шығаратын кластерлер құру болып, қазірде әкімдер тарапынан 86-ға жуық осындай кластер құру бойынша ұсыныс түскен.

Жиында биылғы жоспар бойынша 410 миллион долларлық өнім экспорттау көзделгені айтылып, 8 мың гектар аймаққа жүзім, 6 мың гектар алқапты интесивті бау ету жобасы таныстырылды.

Сондай-ақ, мақта кластерлерінің қызметін жетілдіру мен мақта және астық өндірудің мемлекеттік жоспарын кезең-кезеңімен жою мәселелері талқыланып, 2023 жылға дейін мемлекеттік жоспарды тоқтату жайлы айтылды.

Аймақтарда фермерлерге жаңа технологияны игеруде көмектесу мен олардың заманауи үрдіске көшуі процесін, кластерлер мен фермерлер өз міндеттерін нақты белгілеу тәртібі мен негіздерін жасау тетігі Ауыл шаруашылығы және Әділет министрлігі міндетіне тапсырылды.

Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабары. Хабардың толық нұсқасын «president.uz»дан оқи аласыздар.

7 789
ӨзА