ӨзА Қазақ

03.12.2019 Басып шығару нұсқасы

Мемлекет басшысы 2020 жылда орындалар реформалар жөнінде кеңес өткізді

Мемлекет басшысы 2020 жылда орындалар реформалар жөнінде кеңес өткізді

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 2 желтоқсан күні 2020 жылда жүзеге асатын басым бағыттардағы реформаларды жандандыруға, осы саладағы мақсатты параметрлерді анықтау және қамтамасыз ету мәселесіне арналған кеңес өткізді.

Бүгінгі таңда жахандық нарықтағы бәсекелестіктің артуымен, экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру заман талабына сай болу маңызды міндет болып табылатындығы айтылған кешегі кеңесте, Мемлекет басшысы экономиканы ырықтандыру, тең бәсекелестік орта құру, локализацияны кеңейту және энергия тиімділігін арттыру, бизнес үшін қажетті жағдай жасау сияқты маңызды бағыттар бойынша ондаған қаулылар мен жарлықтар қабылданғанын айтып, осы жарлықтар шынайы өмірде орындалу процесі өте сорақы болып жатқанын және қай салаларда қате-кемшіліктер барекенін көрсетіп тиісті басшылық қызметін қатты сынға алды.

Мысалы ретінде энергетика тізімінде шығындарды азайту, сатылған электр энергиясының есебін дұрыс жүргізу және дебиторлық қарыздануды азайту бойынша жұмыс жеткіліксіз болып, бұл жағдай табиғи газ өндірісінде де байқалып, оның тасымалдануы және таратылуында нақты есепке алу жүйесінің жоқтығы газ бен электр қуаты желісіндегі үзілістер халқтың наразылығына себеп болуда.

Жиын барысында көлік мәселесі де қозғалып, онда жүк тасымалдау тарифтерінің жоғарылығы тауарлар бағасының өсіміне себеп болып, халыққа қол жетімді және арзан көлік қызметтерін ұсыну сұраныс талабына сай еместігіде айтылды.

Білім саласында, халықаралық стандартты білім жүйесіне дұрыс назар аударылмай жатқаны елдегі профессор-оқытушылардың біліктілігін бағалау өлшемдері қазіргі заманғы талаптарға сәйкес келмейтініде сөз болды.

Шенеуніктерге 2020 жылда жүзеге асатын реформала мен оларға жауапты басшыларды, нақты мерзімдері мен қаржыландыру көздерін анықтайтын «жол картасын» әзірлеу тапсырылды. Бұл құжаттар әр салада және әр аймақта атқарылған жұмыстар мен келер жылға арналған мақсаттарды көрсетеді.

Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабары. Хабарды толықтай «president.uz»дан оқи аласыздар.

6 921
ӨзА