ӨзА Қазақ

17.04.2019 Басып шығару нұсқасы

Корея Республикасы Президенті Өзбекстанға келеді

Корея Республикасы Президенті Өзбекстанға келеді

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияевтың шақыруымен Корея Республикасы Президенті Мун Чжэ Ин 2019 жылдың 18-21 сәуір күндері Өзбекстанға мемлекеттік сапармен келеді.

Мемлекет басшылары Өзбекстан мен Оңтүстік Корея арасындағы тұрақты диалогтың жалғасы ретінде стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайту, сауда-экономикалық, инвестициялық, қаржы-техникалық және гуманитарлық салалардағы тәжірибелік ынтымақтастықты кеңейту, аймақтық және халықаралық маңызы зор мәселелер бойынша пікір алмасатын болады.

Сапар барысында Корея Республикасы Президенті Мун Чжэ Иннің Өзбекстан Республикасының Жоғары Мажлісінде сөз сөйлеуі, мемлекет басшыларының екі елдің көшбасшы компаниялары арасындағы бизнес-форумы мен Ташкенттегі Корея мәдениет және өнер үйінің ашылу рәсіміне қатысуы, сондай-ақ Самарқанд қаласына бару жоспарланған.

Келіссөздер соңында Бірлескен декларация жасап, бірқатар үкіметаралық және ведомствоаралық құжаттар топтамасы мен сауда келісімдері, инвестициялық жобаларды жүзге асыру бойынша келісімдерге қол қою көзделген.

6 514
ӨзА