ӨзА Қазақ

21.04.2019 Басып шығару нұсқасы

Корея Республикасы Президентінің мемлекеттік сапары аяқталды

Корея Республикасы Президентінің мемлекеттік сапары аяқталды

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияевтің шақыруымен Корея Республикасы Президенті Мун Чжэ Ин 18-21 сәуір күндері мемлекеттік сапармен елімізде болды.

Оңтүстік Корея Президенті сапардың алғашқы күнінде Ташкенттегі Инха университетіне барып, Корея мен Өзбекстан арасындағы бірлескен жобалармен танысты.

Сапардың негізгі оқиғалары 19 сәуір күні Көксарайда жалғасты.

Онда Корея мен Өзбекстан арасындағы қарым-қатынасты одан әрмен нығайту жолдары талқыланып, алдағы жобалануы тиіс мәселелер жөнінде келіссөздер жалғасты. 

Жоғары дәрежедегі келіссөздер нәтижесінде Өзбекстан - Оңтүстік Корея арасындағы қатынас ерекше стратегиялық әріптестік мәртебесіне көтерілді. 

Сапар барысында сауда-экономикалық, инвестициялық, қаржылық және техникалық салаларда жалпы соммасы 12 млрд. АҚШ долларынан асатын бірлескен жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыру туралы келісімдер жасалды.

Шавкат Мирзияев пен Мун Чжэ Ин "Өзэспоорталығында" өткен Өзбекстан - Оңтүстік Корея бизнес форумының ашылу салтанатына қатысты.

Корея Президентінің сапарына байланысты өзбек - корейс өнер майталмандарының концерті ұйымдастырылды. Онда президенттер жұбайларымен бірге қатысты.

20 сәуір күні Ташкентте Корейс мәдениеті және өнер үйінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Мұнда қос ел президенттері жұбайларымен бірге қатысып аталмыш достық және мәдениет сарайын ашып берді. 

Мун Чжэ Ин сол күні Самарқандқа келіп, мұндағы тарихи жәдігерлермен танысты. 

Корея Республикасы Президенті Мун Чжэ Ин бүгін сапарын аяқтап, Самарқанд қаласынан ұшып кетті. Жоғары мәртебелі қонақты Өзбекстан Республикасының ресми өкілдері шығарып салды.

5 744
ӨзА