ӨзА Қазақ

13.03.2020 Басып шығару нұсқасы

Хорезмде ләзгі фестивалі ұйымдастырылады

Хорезмде ләзгі фестивалі ұйымдастырылады

Мемлекет басшысының қатысуымен Үргенштегі өтіп жатқан жиында Президент Хорезм облысын дамытудың негізгі бағыттарын айтып, онда үш жыл ішінде жалпы құны 24 триллион сумдық 2736 инвестициялық жоба жүзеге асырылып 50 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашлатынын айтты.

Аймақтағы Хозараспта орналасқан автокөлік зауытында «Дамас» және «Лабо» көліктерінің микровендерін жасаудың жергіліктендіру дәрежесін 65 пайызға жеткізу бойынша жаңа жобалар, мақтаны қайта өңдеу көлемін 100 пайызға жеткізу жобалары жүзеге асырылады.

Сонымен қатар Малайзиялық инвесторлардың 250 миллион долларлық есебінен жылына 63000 тонна каустикалық сода мен хлор шығаратын химиялық зауыт салынады. Суды тиімді пайдалану, жеміс-көкөніс кластерлерін құру, қауын өсіруде «Хорезм сорт» брендін жаратып, оның экспортын арттыру бойынша міндеттер белгіленді.

Мемлекет басшысы осы жиында Хорезмде ұлттық өнерді дәріптеп, шетелдіктерді елімізге тарту мақсатында Хорезмде ләзгі жайлы халықаралық фестиваль өткізуді ұсынып, бұл бастаманы хорезмдіктер қуана құптады.

4 420
ӨзА