Әлеуметтік қорғау тек зейнетақымен қамтамасыз етіп қана қоймай, олардың аяққа тұруына көмектесуі керек екендігі айтылды.

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 21 қарашада халықты әлеуметтік қорғаудағы басымдықтарды талқылауға арналған кеңес өткізді.

Кеңесте халықаралық тәжірибеге негізделген осы салада мүлдем жаңа жүйені енгізу мәселелері талқыланып, ең алдымен әлеуметтік көмекке мұқтаж жандарды анықтау және есепке алу қажеттілігі мен төлемдердің адрестелуін қамтамасыз етілуі айтылды.

Сонымен қатар, халықтың көмекке зәру табын анықтау мен оларға берілер ақшалай көмектің нақты өлшемдерін енгізу және әлеуметтік көмек алушылардың бірыңғай тізілімін құру тапсырылды.

Мемлекет басшысы қазіргі жүйені «шок-терапиясы» әдісімен реформалау халықтың түрлі топтарына әсер ететінін атап өтті және шенеуніктерге 2030 жылға дейін әлеуметтік қорғау стратегиясын әзірлеуді тапсырды. Осы мақсатта 2020 жылдың бірінші жарты жылдығына дейін әр аймақта әлеуметтік қорғаудың жаңа жүйесін сынақтан өткізу міндеті қойылды.

Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабары. Хабарды толықтай «president.uz»дан оқи аласыздар.

Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Халықты әлеуметтік қорғау саласында жаңа жүйе енгізілетін болады