ӨзА Қазақ

20.05.2020 Басып шығару нұсқасы

Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Өзбекстан Президентіне хат жолдады

Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Өзбекстан Президентіне хат жолдады

Өзбекстан Республикасы Президенті

Жоғары Мәртебелі Шавкат Мирзияев Мырза!


Қазіргі жаһандық COVID-19 пандемиясының кері әсері жер бетіндегі адамзатқа теріс ықпал етіп тұрған төтенше жағдайда өз басым еліңіздегі қиындықтар мен қауіпті жеңуде Өзбекстан халқымен бірге екенімді айтқым келеді. Індетке қарсы күрес, денсаулық сақтау саласына қаржыны көбейту, халық мен кәсіпкерлікті қолдауға арналған Сіздің бастамаларыңыз дағдарыстың әсерін азайтуға қызмет ететін болады.

Халықаралық валюта қорының атқарушы кеңесі осы аптада осындай қиын жағдайда Өзбекстанға қаржылық көмек көрсетуді мақұлдағанына қуаныштымын. Бұл көмек Дүниежүзілік банк тобының және Азия даму банкінің қолдауымен қазіргі кездегі туындаған қаржылық қажеттіліктерді қанағаттандыруға көмектесетін болады.

Бүгінгі таңда Сіздің барлық күш-жігеріңіз, әрине, елдегі коронавирустың теріс әсерін жоюға бағытталған. Осындай кезде тұтастай Өзбекстанда бәсекелестік және ашық нарықтық экономика құру жөніндегі орта мерзімді мақсаттарға қол жеткізу үшін адымды реформаларыңызды жалғастырып жатқандығыңыз мені қуантады.

Соңғы үш жыл ішінде Сіздің басшылығыңызда Өзбекстанның біртұтас кеңістігі, сауданы ырықтандыруды, нарықтық қалыптастыру мен ақша айналымы курсын либерализациялау, мемлекеттік қаржыландыру және оны басқару әлеуетін нығайтуды, қаржы секторын, бизнес-ортаны бұрын сонды болмаған реформалауды бастады.

Атаулы реформалар Өзбекстанның аймақтық және жаһандық экономикаға одан әрі интеграциялануына, жоғары, тұрақты және инклюзивті дамуға қол жеткізуіне ықпал етеді.

Қазіргі жағдайда реформаларды жүргізуге байланысты барлық қауіптерге қарамастан, Сіз экономиканы өзгертуге бағытталған саясатыңызды жалғастыратындығыңызға сенемін.

Осыған байланысты сенімді түрде айтпағым, соңғы жылдары Өзбекстан мен ХВҚ арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейіне сүйене отырып, қажетті кеңестер мен техникалық көмек жағынан, мамандарды даярлау бойынша оқыту бағдарламалары мен қаржылық көмек беру арқылы біз Өзбекстанға қолдау көрсетуді жалғастыруға дайынбыз.

Өзімнің Дүниежүзілік банктің атқарушы директоры болған кезеңдегі ынтымақтастығымызды және Ташкентке жасаған жақсы сапарымды еске аламын. Менің қазіргі кездегі қызметімде де сіздермен тығыз байланыста боламыз деген үміттемін.

Ізгі ниетпен,

Кристалина Георгиева,

Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры

1 816
ӨзА