ӨзА Қазақ

11.09.2019 Басып шығару нұсқасы

Кәсіпкерлікті дамыту мен мемлекет бюджетіне кепілді кірістерді қамтамасыз етуге байланысты видеоселлекторлы жиын өтті

Кәсіпкерлікті дамыту мен мемлекет бюджетіне кепілді кірістерді қамтамасыз етуге байланысты видеоселлекторлы жиын өтті

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияевтің төрағалығымен 11 қыркүйекте шағын бизнес пен жеке кәсіпкерлікті одан әрі дамыту және мемлекеттік бюджетке кепілдендірілген кірістерді қамтамасыз ету мәселелері бойынша бейнеконференция мәжілісі өтті.

Қазіргі таңда Өзбекстанда шағын бизнес пен жеке кәсіпкерлікті дамытуға байланысты әр тарапты қолдау көрсету мақсатында мүлдем жаңа жүйе жасалуда.

Бұл жаңа жүйе жуық арада құрылған Шағын бизнес және кәсіпкерлікті дамыту агенттігінің басқаруы астында Премьер-Министрдің Кәсіпкерлердің шағымдарын үйрену қабыл бөлімшелері, Бизнес-омбудсмен, Сауда-өнеркәсіп палатасы, Әділет министрлігі, аймақтардағы әкімдердің бірінші орынбасары басшылығында экономикалық кешенді ұйымдардың аталған бағытта дәйекті жұмыс істейтін білдіреді.

Жиында бизнес-ортаны жақсарту бойынша заңнамалық негіздерді жетілдіруге және мақсатты шараларды қабылдауға ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, бизнестегі, лицензиялау мен рұқсат беру саласындағы инновациялар әлі толық жұмыс істемей келе жатқанына байланысты сын айтылды.

Жиынның күн тәртібінен орын алған екінші мәселе - мемлекеттік бюджеттің кірістері қаралып, онда соңғы 8 айдағы көрсеткіштер алдын-ала болжамға байланысты жоғары болғандығына ерекше назар аударылды.

Халықаралық валюта қоры мен Дүниежүзілік банк сарапшылары қатысуымен құрылған Ірі салық төлеушілер мен жұмыс жасау бойынша инспекция салық резервтерін зерттеу мен кірістердің артуының маңызды факторы болып табылатындығы атап өтілді. Аталған істердің тиімділігін арттыру үшін ірі салық төлеушілерді электронды шот-фактураларға аударып, бухгалтерлік бағдарламамен байланыстыру қажет екендігі айтылды.

b9b92791-f8b2-f85d-eed6-fd75083d2d44.jpg

Өзбекстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі хабары. Хабардың толық нұсқасын «president.uz»дан оқи аласыздар. 

7 319
ӨзА