ӨзА Қазақ

27.05.2019 Басып шығару нұсқасы

Германия Президенті Өзбекстанға келді

Германия Президенті Өзбекстанға келді

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияевтың шақыруымен Германия Федеративтік Республикасы Президенті Франк-Вальтер Штайнмайер 27 мамырда ресми сапармен Өзбекстанға келді.

Ислам Каримов атындағы Ташкент халықаралық әуежайынан жоғары лауазымды қонақты Өзбекстан Республикасы Премьер-Министрі Абдулла Арипов қарсы алды.

Франк-Вальтер Штайнмайер осы күні арнайы өзі үшін арналған резиденцияда Өзбекстанда жұмыс істейтін Германия халықаралық ынтымақтастық қоғамы (GIZ), Ташкенттегі Гете институты, Конрад Аденауэр және Фридрих Эберт атындағы қор, Германия академиялық алмасулар қызметі (DAAD) сынды институт өкілдерімен кездесті.

Сапардың басты оқиғалары 28 мамырға жоспарланған.

Өзбекстан Республикасы Президенті Баспасөз қызметі хабары. 

6 214
ӨзА