ӨзА Қазақ

25.05.2019 13:03 Басып шығару нұсқасы

Германия Федеративтік Республикасының Президенті ресми сапармен Өзбекстанға келеді

Германия Федеративтік Республикасының Президенті ресми сапармен Өзбекстанға келеді

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияевтің шақыртуымен Германия Федеративтік Республикасының Президенті Франк-Вальтер Штайнмайер 27-29 мамыр күндері Өзбекстанға ресми сапармен келеді.

Президенттер мемлекет басшысының биылғы жылдың 20-22 қаңтар күндері Германияға сапары барысында өткен жоғары деңгейдегі диалогты жалғастырып, саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, қаржылық-техникалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту перспективалары, сондай-ақ Өзбекстан – Европа Одағының форматы қатынастарын талқылайды.

Халықаралық және өңірлік маңызы бар өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу жоспарланып отыр.

Сапар аясында Франк-Вальтер Штайнмайердың Өзбекстан және ГФРның алды компаниялары мен банктері, қоғамдық өкілдерімен кездесуі, бірқатар өндірістік және басқа нысандармен танысуы көзделген.

Федералды президент Хорезм облысына барып, Үргенш мемлекеттік университетінің профессор-оқытушылары, студенттерімен кездеседі және Хиуа қаласының тарихи және сәулет ескерткіштерімен танысады.

Сапар соңында тараптар экономика, қаржы, білім, денсаулық сақтау және қоршаған ортаны қорғау саласындағы екі жақты қатынастарды одан әрі нығайтуға бағытталған келісімге қол қою күтілуде. 

ӨзА
6 160