ӨзА Қазақ

15.01.2020 Басып шығару нұсқасы

Экспорт, инвестиция көлемін кеңейту мәселелері талқыланды

Экспорт, инвестиция көлемін кеңейту мәселелері талқыланды

Бүгін Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияевтің төрағалығымен экспортты кеңейтуге, инвестициялар мен жергіліктендіру саласын кеңейту мәселесіне арналған бейнеконференциялы жиын өтті.

Әлемде экономикалық бәсекелестік күн өткен сайын күшейіп кележатқан бір кезде тұрақтылықтың негізгі факторы өндірістің кеңеюі мен сыртқы нарықтарда белсенді қатысуы болып табылады.

Сол себептенде Мемлекет басшысы алдағы уақытта экспорт көлемін арттыруға және оның болжамын орындауға әр аймақ әкімі мен қожалық басшысы теңдей жауапты болатынын жеткізіп, Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігіне өнімнің қайда, қашан экспортталуы жөнінде нақты шаралар қарастырылып, биылғы экспорт болжамының толық орындалуын қамтамасыз ететін жол картасын әзірлеуді тапсырды.


Өткен жыл Өзбекстанда экспорттық қызметті қолдау бойынша қабылданған шаралардың нәтижесінде экспорт көлемі 28 пайызға артып, аймақтық өнеркәсіптік экспорт 2 есеге өсті. Биылдан бастап Инвестициялық бағдарламалар бүкіл жаңа жүйе негізінде жұмыс жасайтын болып оған 1569 жеке және тікелей инвестициялық жобалар тізімі бекітілді. Атаулы бағдарламаларға 233 триллион 200 млрд сум көлемінде тікелей шетелдік қаржымен несиелерді пайдалану көзделген.

Мемлекет басшысы бюджеттік қаржыны тиімді пайдалануды және белгіленген 2 190 нысанның құрылыс жұмыстарын сапалы жасауы үшін қатаң бақылауда ұстау керектігін айтты.

Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабары. Хабардың толық нұсқасын «president.uz»дан оқи аласыздар. 

7 856
ӨзА