ӨзА Қазақ

04.09.2019 Басып шығару нұсқасы

Дене шынықтыру мен спортты дамыту бойынша қосымша міндеттер айқындалды

Дене шынықтыру мен спортты дамыту бойынша қосымша міндеттер айқындалды

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияевтің төрағалығымен 4-ші қыркүйекте дене шынықтыру мен спортты дамыту, халықаралық жарыстарға дайындық мәселелеріне арналған бейнеконференциялы жиын өтті.

Онда, 2019-2023 жылдарға арналған дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамытудың тұжырымдамасы мақұлданды.

Мемлекет басшысының бес бастамасы бойынша «Абад ауыл» және «Абад махалла» бағдарламасы аясында спорттық нысандары іске қосылып, жастар спортпен белсенді түрде айналысып келуде. Сонымен қатар Олимпиада, Әлем және Азия чемпионаттарының жеңімпаздары болған 204 спортшы аудандар мен қалаларға біріктіріліп, кейбіреулерінің спорттық мектептері де ашылды.

Былтырғы Азия ойындарында Өзбекстан спортшылар жалпы 70 медаль алып, оның ішінде 21 алтын, 24 күміс және 25 қоланы қанжығасына байлап, жалпы командалық есепте 5-орынға ие болды.

Өткен жылғы халықаралық жарыстарда жалпы 442 медаль жеңіп, оның ішінде 145 алтын, 134 күміс және 163 қола медальіна ие болған.

Жиын барысында, алдағы жарыстарға мұқият дайындалу, оған қажетті жағдай жасау мәселелері сөз болып, келесі жылғы Жапонияда өтетін Токио-2020-дағы ХХХІІ жазғы Олимпиадаға дайындықтың жағдайы кереметтей емес екендігін былай қойғанда, бірқатар спорт федерациялары мен әкімдіктер спортшыларға қолайлы жағдаймен қамтамасыз етеалмаған жайы сынға алынды.

Сондай-ақ, спорт саласы мамандары мен бірқатар лауазымды тұлғалар қатысқан бейнеконференцияда мектеп оқушылары арасында спорт және дене шынықтыру пәндері бойынша олимпиадалар ұйымдастырып сол жарыстарда жеңіске жеткендерді жоғары оқу орындарына квотасыз негізде жеңімпаздарды марапаттау және оларға спорттық санаттар беру мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, сол жастарды дайындаған дене шынықтыру мұғалімдерінің жалақысына қосымша үстеме, жоғары санаттар мен атақтар беру ұсынылды.

28fe94b2-5c02-8441-dc39-af423e43267d.jpg

Өзбекстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі хабары. Хабардың толық нұсқасын «president.uz»дан оқи аласыздар. 

7 001
ӨзА